Полиция қызметкерлеріне құрмет көрсетілді

Әкім — іс үстінде

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың қатысуымен Көкшетау мәдениет сарайында Полиция күніне арналған салтанатты іс-шара болып өтті.

Оған ішкі істер органдарының қызметкерлері, қызмет ардагерлері, облыстың күштік құрылымдарының өкілдері қатысты.

Жеке құрамды құттықтаған өңір басшысы полиция қызметкерлерінің жоғары кәсіби біліктілігін, қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етудегі үлесін атап өтті және азаматтар игілігі жолындағы адал қызметтері үшін алғыс білдірді. Сондай-ақ, полиция қызметкерлеріне де, азаматтарға да көмек көрсету бағытында енгізіліп жатқан жаңашылдықтар туралы айтып өтті.

– Жақсы мысал ретінде ауылдық жерлерде құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында ел ішінде беделі бар жергілікті тұрғындар мен учаскелік полиция инспекторларының күшімен жүзеге асырылып жатқан «Зиялы қауым» жобасын айтуға болады. Бұл бағдарлама облыстың 40 елді мекенінде тиімді іске асырылуда, Мемлекет басшысы тарапынан оң бағасын алып, кеңінен таратуға да ұсынылды, – деп атап өтті Марат Ахметжанов.

Қызметтік міндеттерін адал атқарғаны үшін бұл күні полиция қызметкерлеріне Алғыс хаттар табысталды. «Мамандығының үздігі» номинациясы бойынша учаскелік полиция инспекторлары, жедел уәкілдер, тергеушілер және патрульдік полиция батальонының инспекторлары арасында да марапаттаулар болды. Сондай-ақ, полиция қызметкерлерінің балалары арасында өткен сурет байқауының жеңімпаздары да атап өтілді. Полиция департаментіне кеңсе техникасын жаңартуға арналған ақшалай сертификат табыс етілді.

Ақмола облысы полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Нұрсұлтан Мұқашев та жеке құрамды құттықтап, оларға қызметтері үшін алғыс айтып, ұрпақтар сабақтастығы мен полиция жұмысының жоғары деңгейде болуының маңыздылығын атап өтті.

Марапаттау рәсімі барысында үздік қызметкерлер ведомстволық және мемлекеттік наградалармен марапатталды. Бірқатар полицейлердің мерзімінен бұрын шендері жоғарылатылды.

Салтанатты жиналыс қонақтары үшін сондай-ақ, полиция департаментінің ведомстволық музейінің көшпелі көрмесі мен полиция қызметкерлерінің күнделікті тыныс-тіршілігіне арналған фотокөрме ұйымдастырылды. Көрмеде олардың күн сайынғы еңбегі, батылдығы мен жанқиярлығы және өз антына деген шексіз адалдықты талап ететін қызметі кеңінен таныстырылды. Салтанатты іс-шара концерттік бағдарламамен аяқталды.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар