Мұқағали атамен сырласу

Үкілі үміт                                      

Барасың деген кезде сен сайысқа,
Қысылып өз-өзіммен қалдым ойға.
Үлгі болған өлеңімен ақындарға,
Қандай жыр арнаймын деп Мұқағалиға.

Сонда да көрсем дедім талайымнан,
Іздедім жыр асылын сарайымнан.
Іші алтын, сырты күміс өлең қашып,
Құны арзан кетпеді өлең маңайымнан.

Сиындым Мұқағали ата, жыр берші деп,
Қондырып шабытымды жіберші деп.
Қанатты ақ боз атты бұйырта көр,
Мінейін қолыңыздан мен «еншілеп».

Нәр алып қасиетті сөзіңізден,
Жүрейін сіз қалдырған соны ізбен.
Бас иіп тұлғаңызға үнсіз ғана,
Сырласып алайыншы рухыңызбен.

Жатырсыз талай жылдар тыныштықта,
Ел болдық, егеменді көк ту ұстап.
Болсаңыз ортамызда  бүгінгі күн,
Ұлы ақын деуші едік сізді нұсқап!..

Жыр тұлпарым сүрінбесін

 Армысың, құрбы-құрдас, аяулы елім,
Өзіңе тілеу тілер балаң едім.
Бұрынғы атам қазақ салтыменен,
Алдыңа жырдан шашу ала келдім.

Тойыңыз тойға ұласып, дүрілдесін,
Көгіңде алтын күнің күлімдесін.
Бүгінгі ұлы ақынның бәйгесінде,
Жыр тұлпар жаңа мінген сүрінбесін.

Сондықтан, жаздым міне, арнау өлең,
Мұқағалидай ақынға озған елден.
Келтірген  қасиетті әрбір сөзін,
Жағылған қараңғыда шамдай көрем.

Өзіңді ұстаз тұтқан өрендерің,
Құрандай, бізге тәлім өлеңдерің.
Осындай, ұлағатты жыр қалдырған,
Рахмет, ақын ата, кемеңгерім!

                   Дархан  ЕРЛАНҰЛЫ,
                   С.Жүнісов атындағы  №18 мектеп-лицейінің 11 сынып оқушысы.

Көкшетау қаласы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар