Сайлау – демократиялық қоғамның басты институттарының бірі

Сайлау – демократиялық қоғамның басты институттарының бірі. Ол азаматтардың елдің саяси өміріне қатысуына, өз таңдауын жасауына және мемлекет дамуының келесі кезеңіне ықпал етуіне мүмкіндік береді. Сондықтан сайлаудың ашық, әділ әрі заң талаптарына сай өтуі – қоғамның мемлекетке деген сенімін нығайтатын маңызды фактор.

Биылғы сайлау науқаны да еліміздің қоғамдық-саяси өміріндегі маңызды кезеңдердің бірі. Оның ерекшелігі – барлық үдерістердің қолданыстағы заңнамаға сәйкес ұйымдастырылып, саяси партиялар мен кандидаттарға тең мүмкіндік берілуінде. Бұл – әділ бәсекелестіктің және азаматтардың еркін таңдау жасау құқығын қамтамасыз етудің басты қағидаты.

Мемлекет басшысының бастамасымен өткен Ұлттық құрылтай отырыстарында қоғамдық бірлік, заң үстемдігі, жауапты азаматтық ұстаным және елдің орнықты дамуы мәселелері тұрақты түрде көтеріліп келеді. Құрылтай алаңында айтылған бастамалар қоғам пікірін ескеруге, азаматтардың ұсыныстарын мемлекеттік шешімдер қабылдау үдерісіне енгізуге бағытталған. Бұл – халық пен билік арасындағы ашық диалог мәдениетін нығайтатын маңызды тетік.

Осы тұрғыдан алғанда, сайлау да, Ұлттық құрылтай да ортақ мақсатқа қызмет етеді. Олар азаматтардың қоғамдық өмірге белсенді араласуына, елдің болашағына бейжай қарамауына және жауапкершілік мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.

Әрбір азаматтың сайлауға қатысуы – оның азаматтық ұстанымының көрінісі. Саналы таңдау жасау, заң талаптарын сақтау және қоғамдық тұрақтылықты қолдау – барлығымыздың ортақ міндетіміз. Елдің ертеңі әр азаматтың белсенділігі мен жауапкершілігіне тікелей байланысты. Сондықтан алдағы сайлау елдің тұрақты дамуына, қоғамдық келісімнің нығаюына және демократиялық құндылықтардың одан әрі орнығуына өз үлесін қосады деп сенемін.

Серік Жетпісқалиев,
Көкшетау қалалық Қоғамдық кеңесінің мүшесі

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар