Мінсіз қызмет – мерейлі міндет
Теміржол саласының тыныс-тіршілігін өз өмірімен ұштастырып, адал еңбегімен танылған жанның бірі Алмагүл Болатқызы Беқожинова. 1990 жылы Ақмола облысы Жақсы ауданы Қима ауылында дүниеге келген ол еңбек жолын небәрі 20 жасынан бастаған.
2010 жылы Шортанды вокзалының кезекшісі лауазымын атқарып, арада екі жыл өткен соң Есіл станциясында құжаттарды өңдеу жөніндегі оператор қызметін абыроймен атқарды. Ал, 2014 жылы Көкшетау вокзалына жұмысқа ауысып, инженер қызметін атқарады. Кейін тұрмыс құрып, бала күтіміне байланысты декреттік демалысқа шығады. 2024 жылдан бұрын сүйікті ісіне қайта оралып, Көкшетау вокзалының анықтама беру жөніндегі кезекші-дикторы болып тағайындалады.
Бүгінде кейіпкеріміз жұбайы Рустам екеуі 8 және 5 жасар Аяулым мен Даниалды тәрбиелеп отырған бақытты ата-ана. Теміржол саласындағы адал еңбегі мен шаңырағындағы берекесі жарасым тапқан Алмагүлдің өмір жолы – жастарға үлгі боларлық жол.
Гүлфайруз ТӨРЕМҰРАТОВА,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.
![]()

