Құрылтай – жаңа қоғамдық жауапкершілік кезеңінің көрінісі

Қоғам дамуы үнемі жаңаруды, азаматтар мен мемлекеттің өзара байланысын жетілдіруді талап етеді. Осы бағытта Қазақстан Республикасының Құрылтай депуттаттарын сайлау – еліміздегі қоғамдық диалогтың жаңа форматын қалыптастырған маңызды қадамдардың бірі.

Жалпы, ҚР құрылтайы Парламенттің заң шығару қызметін алмастыратын орган ғана емес, қоғамның түрлі саласындағы өкілдердің басын қосып, елдік мәселелерді кеңінен талқылайтын, халықтың ұсыныс-пікірін ортақ шешімдерге жеткізетін маңызды кеңес алаңы ретінде қалыптаспақ.

Заңгер ретінде мемлекеттік басқару жүйесіндегі әрбір жаңа қоғамдық институттың тиімділігі оның заңдылығы мен халық сеніміне байланысты деп есептеймін. Құрылтайдың басты құндылығы қоғамның әртүрлі топтарының үнін естіп, ұлттық мүдде төңірегінде ортақ ой қалыптастыруында.

Құрылтай депутаттарын сайлау азаматтардың ел болашағына деген жауапкершілігін танытатын маңызды қоғамдық үдеріс. Бұл таңдауда халықтың сеніміне ие, елдік мәселелерді терең түсінетін, қоғамдық бастамаларға белсенді араласатын азаматтарға басымдық берілуі қажет.

Бүгінде Қазақстан үшін тұрақтылық, бірлік және қоғамдық келісім аса маңызды. ҚР құрылтайы осы құндылықтарды нығайтып, мемлекет пен қоғам арасындағы байланысты жаңа деңгейге көтеретін алаңға айналатындығына сенім мол.

Сондықтан, еліміздегі маңызды саяси науқан — алдағы сайлау, тек бір институттың құрамын қалыптастыру емес, ел дамуының жаңа кезеңіне азаматтық жауапкершілікпен атсалысу болмақ.

Талғат НҰРЫШЕВ,
Адвокат, заңгер.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар