Алаяқтар арбауынан абай болыңыз

Сақтансаң – сақтар!  

Қаржы пирамидалары мен алаяқтық схемалар бүгінде желілік бизнес, инвестициялық клубтар, сауықтыру бағдарламалары және өзара көмек қауымдастықтары ретінде бүркемеленіп жүр.

Әсіресе, егде жастағы азаматтар олардың негізгі нысанасына айналуда. Алаяқтар қосымша табыс, қаржылық тәуелсіздік және тұрақты қолдау туралы уәде береді. Алайда мұндай жобалардың негізгі табысы нақты тауар немесе қызмет сатудан емес, жаңа қатысушыларды тартудан құралады. Нәтижесінде азаматтар жинақтарынан айырылып, қарызға батуы мүмкін.

ҚМА мәліметінше, 2025 жылы қаржы пирамидалары бойынша тергеулер 21,5 мыңға жуық салымшыны қамтып, келтірілген шығын көлемі 20 миллиард теңгеден асқан.

Алаяқтық схемалардың негізгі белгілері мыналар болып табылады:  тәуекелсіз жоғары табысқа кепілдік беру; жаңа қатысушыларды тарту арқылы табыс табуды ұсыну; тез шешім қабылдауға қысым жасау; табыс көзін нақты түсіндірмеу; сән-салтанатты өмір салтын көрсету арқылы сенімге кіру; ірі көлемде ақша салуды немесе несие рәсімдеуді талап ету.

Мұндайда өзіңізді қалай қорғауға болады? Алдымен компанияның ресми тіркелгенін тексеріңіз; лицензиялары мен рұқсат құжаттарын зерттеңіз; Тәуелсіз платформалардағы пікірлермен танысыңыз; қаржы салу туралы шешімді асығыс қабылдамаңыз; ұсынысты жақындарыңызбен және мамандармен талқылаңыз.

Есте сақтаңыз: нағыз бизнес тауарлар мен қызметтерді сатудан табыс табады, ал, нақты инвестициялар әрдайым белгілі бір тәуекелмен байланысты болады. Егер сізге жылдам әрі кепілді табыс уәде етілсе және жаңа қатысушыларды тарту талап етілсе, бұл алаяқтықтың белгісі болуы мүмкін.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар