Спорт күні қарсаңында жаппай спортты дамытуға және салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған іс-шаралар аясында «Болашақ» дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде Ақмола облысының волейболдан жолдастық турнирі өтті.
Сандықтау ауданының әкімі Серік Құдабай жарысқа қатысушыларды құттықтап, командаларға тартысты, әрі әділ ойын, жарқын жеңістер және спорттық жетістіктер тіледі.
Сондай-ақ «СПК Көкше» АҚ басқарма төрағасы Серікбай Құсайынов құттықтау сөз сөйледі.
Турнир қорытындысы бойынша жүлделі орындар төмендегідей бөлінді:
1- орын — облыс әкімдігінің командасы
2- орын — «СПК Көкше» командасы
3- орын — Сандықтау ауданының командасы
Жеңімпаздар мен турнирдің барлық қатысушыларын құттықтаймыз! Жаңа спорттық жетістіктер, жарқын жеңістер, мықты командалық рух және алдағы уақытта толағай табыстар тілейміз!
Сандықтау ауданы
![]()

