«Құрылтай» – Билік пен халықты жақындататын жаңа Парламент

Қызылордада өткен Ұлттық құрылтайдың бесінші отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елдің саяси жүйесін түбегейлі өзгертетін тарихи бастама көтерді. Реформаның өзегі – елдің заң шығарушы органы ретінде заманауи, бір палаталы Парламент құру және оған «Құрылтай» деген бабалар аманаты мен тарихи сабақтастықты білдіретін терең атауды беру.

Ұсынылып отырған «Құрылтай» Парламенті бұрынғы заң шығару жүйесінен сапасы да, сипаты да мүлде бөлек, оңтайлы әрі жедел ширақ орган болмақ. Оның құрамы 145 депутаттан тұрады. Ең бастысы – бұл жүйеде ешқандай президенттік квота да, Қазақстан халқы Ассамблеясынан сайланатын арнайы орындар да болмайды. Барлық депутаттар халықтың тікелей таңдауымен, бірыңғай әрі ашық ережелер бойынша сайланады.

Бұл тек атауды өзгерту емес, Парламенттің беделі мен дербестігін күшейту. Жаңадан құрылатын «Құрылтайға» бұрын-соңды болмаған ауқымды өкілеттіктер беріледі. Бұдан бұлай халық қалаулылары Конституциялық сот пен Орталық сайлау комиссиясының құрамын өздері қалыптастырады және Жоғарғы соттың барлық судьяларын өздері таңдап, сайлау құқығына ие болады. Бұл – заң шығарушы биліктің шын мәнінде дербес әрі ықпалды күшке айналуының көрінісі.

Жаңа Парламенттің тиімділігін арттыру мақсатында оны қамтамасыз ететін бұрынғы бюрократиялық аппараттық құрылымдар мен кейбір артық лауазымдар қысқартылады. Сонымен қатар, «Құрылтай» Парламентімен қоян-қолтық жұмыс істейтін, заң шығару бастамасы бар 126 адамнан тұратын «Халқы кеңесі» құрылып, ел ішіндегі әрбір азаматтың үні заң шығарушы органға толық жетуіне жол ашылады.

Сарапшылар «Құрылтай» Парламентіне көшуді елді демократияландыру мен либерализациялаудың ең прогрессивті әрі батыл қадамы деп бағалауда. Мемлекеттік билікті қайта жүктейтін бұл масштабты парламенттік реформаның тағдырын жақын арада өтетін жалпыұлттық референдумда халықтың өзі шешеді.

Ардақ Қапышев,
Ualikhanov University әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі проректоры

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар