Құрылтай – жарқын келешегіміздің кепілі

2026 жылғы 23 тамыз – еліміздің қоғамдық-саяси өміріндегі айрықша тарихи сәт. Қазақстанның жаңа Конституциясының талаптарына сәйкес, бір палаталы заң шығарушы орган – Құрылтайдың алғашқы құрамын қалыптастыру – мемлекетіміздің демократиялық дамуындағы жаңа белестің бастауы болмақ. Бұл сайлау – жай ғана дауыс беру емес, еліміздің өркендеуіне бағытталған жауапты қадам.

Білім беру саласының өкілі, ұстаз ретінде мен бұл саяси науқанның жас ұрпақ тәрбиесіндегі маңызын ерекше атап өткім келеді. Біздің мектепте «Заң және тәртіп» тақырыбындағы ашық сабақтар мен тәрбиелік шаралар тұрақты түрде өткізіліп келеді. Себебі, мектеп тек білім ордасы ғана емес, жас ұрпақтың азаматтық санасын оятып, құқықтық мәдениетін қалыптастыратын, әр шәкіртті ел тағдырына бейжай қарамайтын жауапты тұлға етіп тәрбиелейтін іргелі орта. Біздің басты мақсатымыз – оқушыларымыздың заң үстемдігін, әділдік қағидаттарын, азаматтық жауапкершілік пен демократиялық құндылықтарды өз өмірлік қағидасына айналдыруына ықпал ету.

Еліміздің ертеңі – бүгінгі қабылданатын шешімдеріміз бен азаматтық ұстанымымызға тікелей байланысты. Сондықтан, әрбір отандасымыз заң талаптарын қатаң сақтай отырып, қоғамдағы өз азаматтық парызын айрықша жауапкершілікпен атқарады деп сенемін. Алдағы сайлаудың әділ, ашық және жоғары ұйымдастырушылық деңгейде өтіп, халықтың шынайы қолдауына ие болатын білікті депутаттардан құралған, тиімді заң шығарушы органның қалыптасуына негіз болуы үшін  дауыс беремін.

Назира Серікова,
Амангелді ауылындағы  жалпы орта білім беретін
мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар