Айыртау көлінің жағасындағы каникул қызығы

«Көкшетау Энерго» ЖШС кәсіподақ комитеті компания қызметкерлерінің 32 баласын Солтүстік Қазақстан облысының Айыртау ауданында орналасқан «Сокол» балалар сауықтыру орталығына демалуға жіберді.

Он күн бойы балалар осылайша жазғы демалыстарын Айыртау көлінің жағалауында қызықты әрі пайдалы өткізіп, сергіп, денсаулықтарын түзеуге  мүмкіндік алды. Тәжірибелі тәлімгерлер олар үшін спорттық және шығармашылық іс-шараларға қатысу, көлде шомылу, кешкі алау басындағы ән кештері, табиғатпен танысу және жаңа достар табу сияқты мазмұнды бағдарлама әзірледі. Мұндағы әр күн балаларға жарқын әсер, қызықты сәттер сыйлайтыны анық.

Серіктестік кәсіподақ комитетінің төрағасы Бауыржан Исмағамбетовтің айтуынша, компания басшылығының қолдауының арқасында кәсіподақ ұйымы жыл сайын өз қызметкерлерінің балаларын мерекелік концерттерге, сурет байқауларына қатыстырып, сыйлықтар табыстап, аквапаркке қызықты саяхаттар ұйымдастырып келеді.

2025 жылдан бастап кәсіподақ өз жұмысының басым бағыты ретінде кәсіпорын қызметкерлері мен олардың балаларының денсаулығын нығайтуға ерекше көңіл бөлуде. Осы уақыт аралығында жүзден астам қызметкер көрікті Бурабай баурайындағы «Щучинск» шипажайында демалып, сауықтыру курсынан өтті. Енді бұл игі бастама жылдағы дәстүр бойынша балалардың жазғы сауықтыру лагеріндегі демалысын ұйымдастыру ісімен де жалғасуда.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар