Аудан орталығы Балкашино ауылында жергілікті кәсіпкер Илгам Гулиев ашқан жаңа ет дүкені жұмыс істей бастады. Онда тұрғындарға халал талаптарына сай ет өнімдерінің түр-түрі ұсынылуда. Дүкен сөрелерінен сиыр, қой мен жылқы еті, тартылған ет, сондай-ақ, дайын маринадталған кәуап түрлерін көруге болады. Кәсіпкердің айтуынша, бұл дүкеннің басты ерекшелігі – өнім түрлерінің мол болуға және сатып алушыларға қолайлы жағдай жасалуы.
– Біз осы дүкенді ашқанда ең алдымен, тұрғындарға ет пен одан жасалатын әртүрлі дайын өнімдерді бір жерден сатып ала алатындай жағдай жасауға тырыстық. Сол мақсатпен шұжық пен қазы да дайындаймыз. Сонымен қатар, тұтынушыларға қосымша қызметтер көрсетеміз. Мәселен, ет сатып алған жағдайда, оны тегін мүшелеп, турап немесе етін тартып, фарш жасап береміз, – дейді кәсіпкер.
Өзге сауда орындарында көбіне ет өнімдерінің жекелеген түрлері ғана ұсынылса, бұл дүкенде сатып алушыларға таңдау мүмкіндігі мол. Мұнда өнімнің балғындығына, ассортименттің молдығына және қызмет көрсетудің ыңғайлылығына ерекше мән берілген.
Дүкеннің ашылуымен ауылда төрт жаңа жұмыс орны құрылды. Бұл да еңбек еткісі келген тұрғындар үшін жақсы болып қалды.
Жаңа сауда нысанының ашылуы Сандықтау ауданында кәсіпкерлікті дамыту бағытындағы кезекті қадам. Сол қад ам әрдайым ел көңілінен шыға берсін дегіміз келеді.
Бейбарыс ШАЛАБАЕВ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.
Сандықтау ауданы.
![]()

