Биржан сал ауданында сайлауға дайындық мәселелері қаралды

Ағымдағы жылдың 13 тамызында Биржан сал ауданы әкімдігінде аудан әкімі төрағалығымен, аудан прокурорының қатысуымен аудандық жедел штабтың отырысы өтті.

Жиында Құрылтай депутаттарының сайлауын сапалы ұйымдастыру және өткізуге дайындық барысы, сайлау процесінің заң талаптарына сәйкес жүргізілуін қамтамасыз ету, сондай-ақ осы бағыттағы жұмыстарды үйлестіру мәселелері қаралды.

Сонымен қатар, аудан аумағындағы ағымдағы мәселелер талқыланып, жауапты мемлекеттік органдардың міндеттері нақтыланды. Сайлау науқаны барысында заңдылықты сақтау, азаматтардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету және ұйымдастыру жұмыстарын белгіленген талаптарға сай жүргізу қажеттігі атап өтілді.

Отырыс қорытындысы бойынша аудан әкімі мен аудан прокуроры жауапты тұлғаларға тиісті тапсырмалар беріп, олардың орындалуын бақылауға алуды тапсырды.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар