Петровка ауылындағы №168 сайлау учаскесіне Садвакасовтар отбасы сайлауға бірге келіп, өздерінің азаматтық таңдауын жасады. Үлкен отбасы үшін бұл күн – ел өміріндегі маңызды қоғамдық оқиғаға ортақтасып, азаматтық белсенділігін танытудың тағы бір мүмкіндігі, деп хабарлайды Өңірлік Коммуникациялар қызметінен.
Бұл сайлаудың Қазақстанда алғаш рет өтуі де оның маңызын арттыра түседі. Әр азаматтың дауыс беруі – елдің қоғамдық-саяси өміріне қатысып, өз ұстанымын білдірудің бір жолы.
Садвакасовтар отбасы сайлау учаскесіне ұйымшылдықпен келіп, дауыс беру рәсіміне қатысты. Отбасы мүшелері үшін мұндай сәттер бір-біріне қолдау көрсетіп, маңызды күндерді бірге өткізудің дәстүрлі жалғасы саналады.
«Біз үшін отбасы болып бірге келіп, дауыс беру маңызды. Әр адам өз таңдауын өзі жасайды, ал отбасымызбен бірге келу – бірлігіміз бен өзара қолдауымыздың белгісі. Елдің болашағына бейжай қарамай, азаматтық міндетімізді орындауды жөн көрдік», – деді отбасы мүшелері.
Садвакасовтар отбасының сайлауға бірге қатысуы – отбасылық бірлік пен азаматтық жауапкершіліктің сабақтастығын көрсететін жақсы мысал. Ел өміріндегі маңызды оқиғаларға белсенді қатысу – әр азаматтың ортақ болашаққа қосар үлесі.
Дереккөз: aqmolacom.kz
![]()

