Құқық бұзушылықтың алдын алу керек

Ақмола облысы әкімінің орынбасары Алтынай Әміренованың төрайымдылығымен құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті.

Жиынға мемлекеттік органдарының басшылары және құқық қорғау, білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау салаларының өкілдері, сондай-ақ, аудандар мен қалалардың әкімдері қатысты.

Отырыста халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, оның ішінде жол-көлік оқиғаларының алдын алу мәселелері қаралды. Атап айтқанда, көшелер мен жолдардың жай-күйіне, апат қаупі жоғары учаскелердегі және білім беру ұйымдарының маңындағы орын алып отырған сәйкессіздіктерді жоюға, сондай-ақ, жолдарды қысқы кезеңге дайындауға ерекше назар аударылды.

Сонымен қатар, мас күйінде жасалатын құқық бұзушылықтардың және отбасылық-тұрмыстық сипаттағы қылмыстардың алдын алу шаралары талқыланды. Алкоголь өнімдерін сатуға бақылауды күшейтіп,  заңсыздықтардың жолын кесу қажеттілігі атап өтілді.

Құқық қорғау органдары жұмысының басым бағыттарының бірі ұрлық пен мал ұрлығының алдын алу болуы тиіс. Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру, ветеринариялық бақылау және мамандандырылған қора-жайлар құру мәселелері де қаралды. Құқық қорғау органдары, ветеринариялық қызметтер және жергілікті атқарушы органдардың арасында өзара үйлесімді  іс-қимылдың маңыздылығы да атап өтілді. Бұдан бөлек, облыстың жекелеген аудандарындағы есірткіге тәуелділік ахуалы және нашақорлықтың алдын алу шаралары қарастырылды.

Отырыс қорытындысы бойынша мемлекеттік органдарға осы бағыттардағы профилактикалық жұмысты, ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейту және құқық бұзушылық оқиғаларын уақытылы анықтау жөнінде бірқатар тапсырма берілді.

Ақмола облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар