Кітап және менің отбасым!

Кітап оқитын ұлт

Отбасымен бірге кітап оқуды насихаттау, ата-ана мен баланың арасындағы рухани байланысты нығайту, балалардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру және бос уақытын тиімді ұйымдастыру  ата-ана  мен кітапханашы-біздердің тікелей парызымыз.

Отбасы мүшелерімен бірге оқылған әр кітап баланың жадында жақсы сақталады. Отбасымен бірге өткізілетін әрбір сәтті баға жетпес құндылық десе болады.

Мемлекеттің басты капиталы адам болса, әр адамның азамат болып өсіп, қалыптасуының басты баспалдағы – отбасыдан басталатыны рас.   Отбасы – бала бойына ұлттық құндылықтарды қалыптастырудың қайнар бұлағы, бастауы. Балалардың санасына ұлттық құндылықтардысіңіріп, салт-дәстүрлерді, әдет-ғұрыптарды, даналық, тыйым сөздерді үйрететін де отбасы.

Қазақта отбасына байланысты «Ұяда не көрсең ұшқанда, соны ілерсің», «Ата көрген, оқ жонар, Шеше көрген тон пішер»,  «Атаға не қылсаң, алдыңа сол келеді», «Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер» деген көптеген мақалдар бар. Осы мақалдарға қарап, бар мәселе отбасынан басталатынын ұғуға болады. Ұлт болашағы отбасылардың берекесі мен бақытынан басталады.

Орталық қалалық балалар және жасөспірімдер үлгілі кітапханасында  «Кітап және менің отбасым» атты тақырыпта отбасылық селфи ұйымдастырылды. Кітапханамыздың жас оқырмандары өздерінің отбасыларымен бірге сүйікті кітаптарын оқып отырған сәтінен түсірілген жылы суреттерін әкеліп, шара қатысушыларымен бөлісті. Ал, кітапханашылар сол суреттерді бір видеоға жинақтап, көпшіліктің назарына ұсынды.

Кітап оқу – тек жеке әдет қана емес, отбасымен бірге  бөлісетін жақсы дәстүрге де айнала алады.

Іс-шараның басты мақсаты жарысу емес, жас оқырмандардың білімдерін шыңдап, олардың кітап оқуға деген қызығушылықтарын арттырып, кітап оқуды отбасылық игі дәстүрге айналдыру.

Отбасылық селфи іс-шарасына кітапхананың тұрақты оқырман отбасылары қатысты.

Кез келген жанұяның өзгелерден ерекшеленетін құндылықтары болады. Махаббат, сенім мен өзара түсіністікке негізделген отбасылық құндылықтар – ғасырлар бойы маңызын жоймайтын асыл қазына. Осындай асыл мұраны көздің қарашығындай сақтап, ұрпақ санасына сіңіру – баршамыздың ортақ парызымыз.

Гүлмира ТАЙЛАҚОВА,
Көкшетау қалалық орталық балалар және жасөспірімдер
үлгілі кітапханасының қызметкері.

Сурет encrypted-tbn0.gstatic.com сайтынан.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар