Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың  құттықтауы

Құрметті Ақмола облысының тұрғындары!

Сіздерді Еңбек күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Еңбек қай уақытта да қоғам дамуының, отбасы әл-ауқатының және туған өлке өркендеуінің негізі болды және солай болып қала береді. Түрлі мамандық иелерінің күнделікті қажырлы еңбегінің арқасында жаңа кәсіпорындар ашылып, ауыл шаруашылығы дамуда, қалалар мен ауылдар салынып, білім беру, медицина және әлеуметтік сала жетіліп келеді.

Ақмола облысы еңбекқор және жауапкершілігі жоғары адамдармен танымал. Біздің агрономдар мен жұмысшылар, кәсіпкерлер мен инженерлер, ұстаздар мен дәрігерлер, мемлекеттік және әлеуметтік қызмет өкілдері өз кәсібилігімен өңір мен елдің дамуына үлес қосуда.

Елеулі еңбегімен бүгінгі жетістіктердің берік іргетасын қалаған және өскелең ұрпаққа үздік еңбек дәстүрлерін мұра етіп келе жатқан еңбек ардагерлеріне айрықша алғыс айтамыз.

Құрметті ақмолалықтар! Сіздерге зор денсаулық, отбастарыңызға амандық, ертеңгі күнге сенімділік және жаңа табыстар тілеймін. Еңбектеріңіз әрдайым лайықты бағасын алып, әр күндеріңіз толайым табыстарға толы болсын.

Еңбек күні құтты бол

 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар