Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың  құттықтауы

Құрметті педагогтар, білім беру саласының ардагерлері!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Мұғалім күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Мұғалім – ең мәртебелі де ардақты мамандық. Күн сайын балалардың жүрегіне білім шырағын жағып, бойына асыл қасиеттерді дамытатын, өмірлік бағыт беріп, мақсатына сеніммен жетелейтін – Сіздерсіздер. Өңіріміздің өркендеуі мен еліміздің жарқын болашағы сіздердің біліктіліктеріңізге, даналықтарыңыз бен жүрек жылуларыңызға тікелей байланысты.

Бүгінгі таңда Ақмола облысында осы салада 23,8 мыңнан астам педагог абыройлы еңбек етіп келеді, ал, өңіріміздің білім беру жүйесі 1270 ұйымның басын біріктіріп отыр. Осы әрбір санның артында – өзінің күнделікті адал еңбегімен жас ұрпақтың дамуы мен сапалы білім алуына жағдай жасап жүрген ұстаздар қауымы тұр.

Педагогикалық еңбек ардагерлеріне де ерекше алғысымды білдіргім келеді. Сіздердің мол тәжірибелеріңіз бен өз кәсіптеріңізге деген шексіз адалдықтарыңыз кейінгі толқын жас мұғалімдер үшін қашан да өлшеусіз үлгі-өнеге.

Құрметті мұғалімдер! Сіздерге сарқылмас төзімділіктеріңіз бен жауапты еңбектеріңіз, әр баланың бойына сенім ұялатып, шабыт сыйлай білген кең жүректеріңіз үшін алғыс айтамын. Тәрбиелеген шәкірттеріңіз жетістіктерімен қуанта берсін, ал, еңбектеріңіз әрдайым лайықты бағаланып, құрметке бөленіңіздер.

Сіздерге зор денсаулық, отбастарыңызға амандық, шығармашылық табыс тілеймін. Еңбектеріңіз жана берсін, мерейлеріңіз әрдайым үстем болсын!

***

Қадірлі ұстаздар, педагогикалық еңбек ардагерлері!

Ақмола облыстық мәслихатының депутаттық корпусы және өз атымнан сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Мұғалім күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Ұстаздық — жай ғана мамандық емес, жоғары кәсібилікті, зор шыдамдылықты, парасаттылықты және өз ісіне деген шынайы сүйіспеншілікті талап ететін абыройлы мамандық әрі үлкен жауапкершілік жүктейтін қасиетті жол.

Әрбір шәкірттің жетістігі мен өмірдегі жеңісінің артында ұстаздың ерен еңбегі бар. Сіздердің білімдеріңіз, тәжірибелеріңіз бен тағылымды ақыл-кеңестеріңіз өскелең ұрпақтың қалыптасуына, ал оның негізінде қоғамымыздың болашағына тікелей ықпал етеді.

Бүгінде білім беру жүйесінің алдында жаңа міндеттер тұр. Сапалы білім берумен қатар, заман талабына сенімді жауап бере алатын, дербес шешім қабылдайтын, жауапты әрі бастамашыл тұлға тәрбиелеу маңызды міндеттердің бірі.

Педагогикалық еңбек ардагерлеріне айрықша алғысымды және  өңіріміздің барлық педагогтарына кәсібилігі, өз ісіне деген адалдығы және балалардың болашағы жолындағы күнделікті еңбегі үшін шынайы ризашылығымды білдіремін. Мемлекет білім беру жүйесін дамытуға, мұғалімдерге жағдай жасауға және ұстаз мәртебесін арттыруға ерекше көңіл бөліп келеді. Сіздердің кәсіби шеберліктеріңіз, жауапкершіліктеріңіз бен өз мамандықтарыңызға деген адалдықтарыңыздың арқасында бұл міндеттер алдағы уақытта да өз нәтижесін береді деп сенемін.

Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, сарқылмас күш-қуат, шығармашылық шабыт, шәкірттеріңіздің алғысы мен құрметін, жаңа кәсіби жетістіктер және еңбектеріңіздің лайықты бағалануын тілеймін!

 Бейбіт ЖҮСІПОВ,
Ақмола облыстық мәслихатының төрағасы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар