Романы түрік тіліне аударылды

Жаназық 

Жерлес жазушы, сан қырлы талант иесі Баянғали Әлімжановтың орыс тілінде жазылған «Сказ столетнего степняка» атты романы Стамбулда жеке кітап болып басылып шықты. Қазақ халқының жүз жылдық тарихын қамтыған көркем роман ұлы түрік тілінде сөйлегені бір ғанибет!

Кам-US баспасы оны өз есебінен шығарып, түрік еліне таратуды ойластырып отыр. Осы орайда, автордың баспагер Айдемир Гултекин мырза мен аудармашы Ашур Өздемир мырзаға алғысы шексіз. Бұған дейін бұл роман орыс, ағылшын, араб тілдерінде Мәскеуде, Лондонда, Мысырда кітап болып шығып, интернет арқылы кең таралған. Қазақшасы баршаға белгілі «Жұлдыз» журналының 2020 жылғы 6-7-8 сандарында басылған, енді кітап етіп шығаруды «Көкжиек» баспасы жоспарлап отыр.

Сондай-ақ, жуырда Баянғали Әлімжановтың шығармалар жинағының 34-інші томы да жарыққа шықты. Онда мақалалар, естеліктер, сұхбаттар және қызықты деректермен қатар, жерлесіміздің шығармашылығы туралы жазылған еңбектері де топтастырылған.

Осындай жетістігімен елең еткізіп отырған қарымды қаламгерге алда да шалқар шабыт, жаңа шығармашылық табыстар тілейміз!

«Арқа ажарының» өз ақпараты.  

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар