Бірлікті еске салып тұратын саябақ

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың қатысуымен Республика күні қарсаңында Ақмола облысында тұрғындардың демалысына арналған жаңа қоғамдық кеңістік – «Бірлік» саябағы ашылды.

Жоба өңірді көгалдандыру, елді мекендерді абаттандыру және қолайлы қалалық ортаны дамыту бағытындағы жүйелі жұмыстың бір бөлігіне айналды. Саябақтың салтанатты ашылу рәсімінде сөз сөйлеген өңір басшысы табиғатты сақтау мен қоршаған ортаға қамқорлық таныту әр адамның күнделікті өмірінің ажырамас бөлігіне айналуы керектігін атап өтті. Оның айтуынша, экологиялық мәдениет ағаш отырғызу, тазалықты сақтау және туған өлкенің табиғатына ұқыпты қарау сияқты нақты істерден басталады.

– «Таза Қазақстан» қағидаты жасампаз дүниетанымды қалыптастырып, азаматтарды ортақ мақсат төңірегінде біріктіреді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған бұл акция экологиялық мәдениетті дамытуға және әр азаматтың қоршаған ортаның жай-күйіне деген жауапкершілігін арттыруға бағытталған. Ақмола облысының қалалары мен аудандарында тұрақты түрде экологиялық акциялар, сенбіліктер, экологиялық марафондар, аумақтарды көгалдандыру және санитарлық тазарту шаралары, сондай-ақ, ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіледі, – деді Марат Ахметжанов.

2026 жылдың басынан бері өңірде 1 000-нан астам экологиялық іс-шара өткізіліп, оларға 17 мыңнан астам адам қатысты. Бұл жұмыстар қалалар мен ауылдық елді мекендерді қамтып, тұрғындарды аумақтарды абаттандыруға және туған өлкенің табиғи байлығын сақтауға жұмылдырып келеді.

Көгалдандыру жұмыстарына да ерекше көңіл бөлінуде. Биыл 2,8 мың гектар аумаққа шамамен 16 миллион көшет отырғызылды. Ал, 2021–2025 жылдар аралығында 11 мың гектар жерге орман екпелері отырғызылып, барлығы 74 миллион ағаш егілді.

Сонымен қатар, өңірде тұрғындардың жайлы демалысына қолайлы жағдай жасау мақсатында қоғамдық кеңістіктерді дамыту жұмыстары жалғасуда. Олардың қатарында Көкшетаудағы «Көк шалғын» және «Жаңа жағалау» саябақтары, сондай-ақ, Щучинск қаласындағы «Ұмай ана» саябағы бар. Жаңа «Бірлік» саябағы да осы бастамалардың жалғасы ретінде тұрғындардың серуендеуіне, отбасымен демалуына және өзара қарым-қатынас жасауына мүмкіндік беретін тағы бір ыңғайлы орынға айналмақшы.

Ақмола облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Суреттерді түсірген Нұрболат БЕКТҰРҒАНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар