Зейнеткерлер «Шаңырақта» ән шырқайды

1-31 қазан – Қарттар айлығы

«Достар» мәдениет сарайының «Шаңырақ» хор ансамблі Көкшетау қаласының тұрғындары арасында кеңінен танымал өнер ұжымы. Ұжым туған жер мен елге деген сүйіспеншілікке толы халық әндерін нақышына келтіре орындауымен тыңдарманның ыстық ықыласына бөленіп келеді.

Ансамбль құрамында жандарына өнерді серік еткен зейнеткерлер ән салады. Олар қаланың мәдени өміріне белсене араласып, еңбек ұжымдарының шақыруымен концерттер қойып, көрермендерге қазақтың бай ән мұрасын насихаттаудан бір жалықпауда.

Жуырда Қарттар айлығы аясында «Шаңырақ» ансамблі Ақмола облыстық «Дарын» мектебінің мұғалімдері мен оқушыларына арнап концерттік бағдарлама ұсынды.

Әсерлі кездесу барысында ансамбльдің көркемдік жетекшісі Амангелді Тошкен өнер ұжымының құрылу тарихы, шығармашылық жолы және өзінің өнердегі ізденістері туралы әңгімеледі. Одан әрі көпшілікке әуезді әндерден шашу шашқан өнерпаздар Абайдың және басқа да қазақ композиторларының шығармаларын тамылжыта орындап, тыңдармандарына ерекше көңіл-күй сыйлады.

Осы арада, ансамбль мүшелерінің биылғы Қарттар айлығына басқа орталарда да белсене ат салысып, ән сүйер қауымды тартымды қадамдарымен баурап жүргенін атап өткен жөн. Осыдан кейін, «Шаңырақтың» өнеріне ынтыққан кәрі-жас зейнеткерлікті осы бір өнегелі өмір салтымен ұштастырған жандарға қашанда ризашылықпен қарайтындығы және ақиқат.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар