Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Баламалы қуатты дамытуға мүмкіндік мол - АРҚА АЖАРЫ

Баламалы қуатты дамытуға мүмкіндік мол

Қазақстанда «Жаңғыртылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының қабылдануының мерейтойлық жылына орай «Solar Fest Qazaqstan» I Халықаралық іскерлік фестивалі болып өтті. Іс-шараның ашылу салтанатында Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов, Ақмола облысы әкімінің орынбасары Марат Иғалиев, Біріккен Ұлттар Ұйымы Даму Бағдарламасының Қазақстандағы тұрақты өкілі Якуп Бериш құттықтау сөз сөйлеп, фестиваль жұмысына сәттілік тіледі.

Бурабай курорттық аймағында өткен бұл фестивальға үш жүзден астам адам қатысты.Олардың арасында әртүрлі қауымдастық пен күн энергетикасы саласының өкілдері, халықаралық сарапшылар мен саланың танылған әлемдік көшбасшылары, қазақстандық және халықаралық қаржы институттарының өкілдері, отандық және шетелдік инвесторлар, бейінді қауымдастықтар мен кәсіби бірлестіктердің, Қазақстан Республикасының министрліктері мен ведомстволарының, жақын және алыс шетелдердің мемлекеттік құрылымдарының, Қазақстан Республикасының Жастар қауымдастығының, барлық өзге мүдделі тараптардың және күн энергетикасы мен жаңғыртылған энергия көздері нарығына қатысушылардың, қоғамдық ұйымдардың өкілдері, республикалық конкурстың жеңімпаздары мен журналистер болды.
Вице-министр өз сөзінде Risen Energy Co. Ltd іскерлік шарасының бас демеушісі 2018 жылы Қарағанды облысының Гүлшат кентінде қуаты 40 МВт күн электр станция-сын іске қосқанын, үш күн бұрын Risen Energy Co. Ltd Түркістан облысында қуаты 50 МВт күн электр станциясы құрылысын бастағанын атап өтті. Бұдан кейін Қазақстан экологиялық ұйымдар қауымдастығының төрайымы Айгүл Соловьева сөз сөйлеп, бұл Заң 2009 жылы 4 шілдеде қабылданғанын, осы орайда, «Қазақстан күн энергетикасы» қауымдастығы Қазақстан Республикасы Премьер-Министріне 4 шілдені жыл сайынғы «Жаңғыртылатын энергия көздері қызметкерлерінің күні» мерекесі ретінде атап өту туралы өтініш жасағанын айтты. Шара барысында Қазақстандағы Конрад Аденауэр атындағы қор өкілділігінің директоры Томас Хельм қазақстандық күн қауымдастығы манифесімен таныстырды. «Solar Fest Qazaqstan» мен қазақстандық күн энергетикасы қауымдастығы кәсіби жолының сәтті болуына орай, Қазақстанға еңбегі сіңген қайраткер Мәдина Сәдуақасова бүлдіршіннің тұсауын кесті.
Пленарлық отырыста Қазақстан Рес-публикасы Энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов, Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің жаңғыртылған энергия көздері департаментінің директоры Айнұр Оспанова, Қазақстан Респуб-
ликасы СІМ инвестициялар Комитеті төрағасының орынбасары Лариса Жұмағалиева, «Жаңғыртылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығы» серіктестігінің бас директоры Жандос Нұрмағанбетов, «Болашақ энергиясы» USAID Аймақтық бағдарламасы басшысының орынбасары Баян Әбілқайырова «Қазақстан Респуб-ликасында жаңғыртылған энергетиканы дамытудың мемлекеттік саясаты: қолдаудың жаңа тетіктері» жөнінде баяндама жасады.Бұдан кейін фестиваль жұмысы бірнеше дискуссиялық бағыттар бойынша жалғасты. «Қаржыландыру – жаңғыртылатын энергия көзі дамуының негізгі қозғалтқышы: қолжетімді құралдар, проблемалар, перспективалар» жөнінде Еуразия, ЕҚДБ энергия ресурстары департаментінің директоры Аида Ситдикова айтып берді. Талқылауға «Қазақстан даму банкі» акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы Абай Сарқұлов, «Астана» халықаралық қаржы орталығының әкімшілігі» акционерлік қоғамының басқарушы директоры Айдар Қазыбаев, Азия даму банкінің Қазақстандағы өкілдігінің директоры Джованни Капаннелли, «Clean Technology Fund» өкілі Мафалда Дуарте және басқалары қатысып, «Бөлінген генерация, жаңғыртылатын энергия көзінің шағын ауқымды жобалары – заңнамалық реттеу және қолдау шаралары», «Дабыл сигналдары: Қазақстанда жаңғыртылған энергетиканы дамыту үшін кідіріссіз шаралар қабылдау қажеттілігі» жөнінде айтты.
Фестиваль аясында өткен жаңғыртылатын энергия көзі бойынша практикалық семинарда «Аукциондар. Өткізудің жаңа ережелері, қатысу регламентіне» қатысты мәселелер талқыланды. Бұл іс-шараларды Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі, «Жаңғыртылатын энергия көзін қолдау жөніндегі ЕАҚО» серіктестігі мен «КОРЭМ» акционерлік қоғамы ұйымдастыратын болды. «Жаңғыртылатын энергия көзін қолданушы сарапшыларының ұсыныстарын» «Central Asian Renewable Energy Resources» серіктестігі орындайтын болды. Фестивальда Жастар жылы аясында студент жастардың қатысуымен «Күн шуақты» бес минуттығы болып өтті. Акцияға қатысушылар жаңғыртылатын энергия көзі саласы үшін жас кәсіби кадр-ларды даярлау қажеттігін талқылады. Мұнда олар Қазақстан Республикасы студент жастарының және тәлімгерлерінің, сарапшылардың жаңғыртылатын энергия көзі саласының даму көзқарасын талқылау мақсатында кездесті. Кездесу «Fire place» ашық алаңында пикникпен басталып, «Solar Fest Qazaqstan» бағдарламасының 3 ресми сессиясымен жалғасты.
«Күн – Энергия – Өнер» тақырыбы бойынша экологиялық сурет байқауы шеңберінде балалардың шығармашылық жұмыстарының көрме-тұсаукесері болып өтті. Қазақстанның әр аймақтарынан келген балаларға арналған «Мейірімділік іс-шарасы» атты шығармашылық шебер-кластар өткізілді. Еліміздегі әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылардың дарынды балаларына «Қазақстан Күн энергетикасы» қауымдастығы қолдау көрсетуде. Олардың арасында экологиялық сурет бо-
йынша республикалық конкурс жиі өткізіледі.
Фестиваль барысында жаңғыртылған энергия көздерінің салалық қауымдастығына арналған тауарлар мен қызметтердің, өз профилінің тұсаукесеріне мүдделі «Solar Expo» компаниясының тұсаукесерлік тіректері жұмыс істеді. Біздің бүгінгі ұстанымымыз қандай және болашақта жаңғыртылған энергия көзін пайдаланып, дамыту мәселелеріне де неге қол жеткізгіміз келеді? Осы іскерлік шараның аясында осы және өзге де көптеген сұрақтарға жауап табылды. «Solar Fest Qazaqstan» кездесулері мен пікірталастарының қорытындысы Хартия – салалық қауымдастықтың атынан Қазақстан Республикасы Үкіметіне үндеу болмақшы. Құжат сарапшылар мен нарық қатысушыларының қазіргі ұстанымын белгілейді және келешекте ұзақ мерзімді даму болашағында Қазақстан Республикасында жаңғыртылған энергия көзін дамыту мәселелері бойынша пайымдау ұсынылды. Сөйтіп, жаңғыртылатын энергетика саласының барлық мүдделі қатысушыларын жинайтын «Solar Fest Qazaqstan» халықаралық іскерлік фестивалі бірқатар мәселелердің басын ашты.

Рамазан ТІЛЕУОВ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар