Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ауыл шаруашылығы техникасын жаңартатын бағдарлама - АРҚА АЖАРЫ

Ауыл шаруашылығы техникасын жаңартатын бағдарлама

Күз айларында Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрлымдық даму министрлігі жарамсыз болып қалған шетелдік ауыл шаруашылығы техникаларын жинауды бастамақшы. Осы орайда, тілшіміз Қазақстандық агро инновациялық корпорациясының бас директоры Олег Балыбинге жолығып, қолға алынған жаңа жоба жайында айтып беруді сұраған еді.

– Олег Геннадьевич, біздің өңірдегі фермерлер паркінде тұрған ауыл шаруашылығы техникаларының көбі ескірген. Осы орайда, жарамсыз болып қалған бұл техникаларды жинау фермерлердің техника паркін жаңартуына қандай мүмкіндік береді?
–Дұрыс айтасыз. Қазір статистика бойынша біздің фермерлер 15 жылдан асқан ауыл шаруашылығы техникаларын пайдаланады. Мұндай жағдай барлық техника паркінің 60 пайызын құрайды. Олардың арасында жарамсыз болып қалған импорттық және өнімділігі жоғары техникалар да бар. Көбі өз ауыл шаруашылығы техникасын темір-терсек қабылдайтын кәсіпорынға тапсырады. Мұнда темірдің салмағы өлшеніп, азын-аулақ ақша төленеді. Бұл бағытта жаңа бағдарламада фермерлер үшін көптеген жеңілдіктер қарастырылған. Бүгінгі таңда бұл бағдарламаны жүзеге асыру бойынша кешенді смета ұсынуға мүмкіндік беріледі.
– Жарамсыз ауыл шаруашылығы техникасын жинау тәртібі жөнінде не айта аласыз?
– Бұл техникаларды жинаумен және сертификат берумен «РОП» (Өндірушінің кеңейтілген міндеттемесі) компаниясы айналысады. Бұл компанияда қондырғылармен жабдықталған кәсіпорындар мен бірқатар агенттер жұмыс істейді. Агенттер техниканы өңдеумен айналысады, кейін оны темір өндіретін кәсіпорынға тапсырады. Техниканың әр түрлі металы, резинасы, пластик пен әйнегі сұрыпталады. Бұл шикізаттар одан әрі ел экономикасын дамытуға бағытталады. Компанияның жарамсыз техникаларды жинауға рұқсат құжаты бар. Олар жарамсыз ауыл шаруашылығы техникаларына оның құны белгіленген сертификат береді. Бүгінгі таңда бұл техникалардың болжамды құны есептелуде. Мәселен, комбайн 3 миллион теңгеден астам сомаға бағаланады. Фермерге ақша орнына отандық өндірушіден техника сатып алатын сертификат беріледі. Егер адамдар бұл комбайнды темір-терсек жинайтын кәсіпорынға тапсырса, оның құны 500-600 мың теңгеден аспайды. Компания өз тарапынан ескі техниканың құнын шығарады. Бұл жерде заңсыздыққа жол берілмейді. Егер техниканың бөлшектері аз болса, оның құны төмен. Техниканың бөлшектері толық болса, құны жоғары. Бағаның бәрі «Өндірушінің кеңейтілген міндеттемесі» немесе «РОП» компаниясының сайтына шығарылады. Біздің еліміз Дүниежүзілік сауда ұйымына қатысады. Осы орайда, белгілі ереже мен кретерия бар. Кедендік төлем қымбаттамайды, ешқандай кедергі болмайды. Оның ішіне отандық өндірушілер де кіреді.
– Бағдарлама ескі техникаларды жаңартуға және қаржыландыруды жеңілдетуге қандай мүмкіндік береді?
– Отандық өндіруші яғни, ауыл шаруашылығы қозғалтқышын өндірумен айналысатын компания «ВРК» лизингісінің тасымалдаушылар тізіміне енгізіледі. Бұл лизинг қаржыландырудың жеңілдік бағдарламасына ұсынылады. 7 жылға дейінгі лизингтің 15 пайызы алғашқы жарна болып табылады. Қазіргі таңда бұл жақсы жағдай. Мұндай мүмкіндікті ешкім ұсынбайды. Жеңілдік пакетін ұсыну фермерге ескі немесе жарамсыз техникаларын жаңартуға мүмкіндік береді. 15-20 жыл пайданылған комбайнның қосалқы бөлшектер мен жанар-жағармайға төленетін шығыны көп. Бұл мол астық алуға да кері әсерін тигізеді. Сондай-ақ, бұдан өзге кәсіпорын ұлғайтылады. Бұл бағытта өндірушілердің ынтасы, жігері мен сенімі бар. Қазір өз өндірісіміздің алаңын ұлғайту үшін кәсіпорынның пайдалы жұмыс коэфициентін инвестициялауды бастадық. Компаниялар келісімге қол қойды. Жарамсыз техниканы жинау бойынша мемлекеттің нақты ұстанымы бар. Бізге өңдеу критериясы тапсырылды. Жыл сайын локолизацияны кеңейту бағаға әсер етеді. Біз өз өндірісімізге инвестиция саламыз. Бұл жағдай ұзақ мерзімге созылатынын да түсінеміз. Дегенмен, біз келешекке сеніммен қараймыз. Сондықтан, инвестиция салуға үрейленбейміз. «Класс», «КЭИС», «ПТЗ» және кировецтерге қатысты келісімдер жүргізілуде.
– Жарамсыз ауыл шаруашылығы техникаларын жинаған кезде импортерлар азайып кетпей ме?
– Олар отандық өндірушілермен келісім-шартқа отырады. Оның үстіне локолизацияны қолдауда. Бір жыл бұрын бұл жөнінде ойлаудың өзі қиын еді. Локолизацияны бірде-бір өндіруші зауыт ретсіз кеңейтпейді. Өйткені, қосымша баға өзімізде қалады. Мемлекет өзінің нақты әрі қатал ұстанымын айтқанда, бәрі қарсы болды. Кейін жұрт қолдай бастады. Бүгінгі таңда біздің осы іспен айналысатын корпорация Қазақстандағы жалғыз кәсіпорын. Экономикамызды инвестициялайтын жарамсыз техниканы жинау барысында адамдар бізбен келісім-шартқа отырады. Бұл жаңа жұмыс орны, еліміздің қосымша бағасы мен салығы болып табылады.
– Фермерлер бұл жаңа бағдарламаға қызығушылық танытты ма?
– Бағдарлама іске қосылғанда фермер бізге келеді. Кеңесші ретінде «РОП» компаниясының жұмысын, агенттерінің қайда отырғанын түсіндіруге тырысамыз. Сондай-ақ, біз де бұл бағдарламаға өзге кәсіпорындармен бірге қатысамыз. Іс алға басатынына сенімім мол. Бұған дейін көптеген пікірталастар болды. Бағдарламаның оң және теріс тұстары жөнінде айтылды. Жарамсыз техниканы жинау біздің еліміз үшін стратегиялық маңызы зор. Шешім қабылданды. Қазір бірқатар мәселелер бар. Тарификация жасалуда. Техниканың бәрін бір бағамен қабылдау еш қисынға келмейді. Кодтың дифференциялық жүйесі жасалуда.
– Бағдарлама қашан жүзеге асырыла бастайды?
– Қазір дайындық жұмысы жүргізілуде. Барлық жүйені қысқа мерзімде дайындау мүмкін емес. Ереже, міндеттеме, тарификация мен жағдай заңнамаға жазылып, жарияланатын болады. Бағдарлама қазан, қараша айларында жүзеге асырыла бастайды деп күтілуде.
– Әңгімеңізге рахмет.
Сұхбатты жүргізген
Рамазан ТІЛЕУОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар