Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Браконьердің жолы болмады - АРҚА АЖАРЫ

Браконьердің жолы болмады

Ақмола облысында полицейлер құзырлы орган өкілдерімен бірлесіп ірі су қоймаларында балық аулау заңдарының сақталуына байланысты рейдтер өткізуде.

Тексерулер барысында балық аулау жөніндегі заңдарды бұзу оқиғаларына қатысты полиция қызметкерлері 48 хаттама толтырған. Мәселен, Біржан сал ауданындағы ерекше қорғауға алынған Жүкей көлінен аулауға тыйым салынған карп тұқымдас балықтарды аулаған Бурабай ауданының 48 жастағы тұрғыны қолға түсті. Ау, басқа да қажетті құралдарын алып сайланып шыққан браконьердің жолы болмады. Оның үстінен әкімшілік іс қозғалды.
– Ірі су көздерінің бәрі бақылауға алынып, моторлы қайықпен бақыланып отырылады, – дейді полицияның табиғат қорғау тобының инспекторы, полиция майоры Анар Кәрібозина. Табиғат байлығын иесіз жатқан ен дүниедей көріп, ебін тауып қарпып қалуға тырысатын браконьерлер қай жерде де бар. Оларды еркіне жіберсе бірер жылдың ішінде өзен-көлдердің бар балығын аумен сүзіп аулап алудан тайынбайтындай. Полиция қызметкерлері тарапынан үнемі бақылауға алынып, рейдтер өткізілгеніне қарамастан, ебін тауып, балық аулайтындар кездесіп жатады.
– Жаз айларында таза ауада демалып, қармақпен балық аулап көңіл көтергендерді ұнататындар көп. Қармақпен бірлі-жарым балық аулап жатса оған сөз жоқ, ал ау салып, тіпті қопарғыштарды пайдаланып, өзен-көлдің балығын құртып жататындарға жол берілмейді. Олар жасаған әрекеттерінің көлеміне қарай әкімшілік жауапкершілікке тартылып қана қоймай, қылмыстық жауапкершілікке де тартылады, – дейді полицияның табиғат қорғау тобының инспекторы.
Жыл басынан бері ірі көлемде заңсыз балық ұстаған бір азаматтың үстінен қылмыстық іс қозғалыпты.
Қалкөз ЖҮСІП.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар