Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
«Қайырымды жүрек» жобасының шапағаты - АРҚА АЖАРЫ

«Қайырымды жүрек» жобасының шапағаты

Мәншүк Сейфуллина азық-түлік тағамдары мен киімнен тарығып жүрген көп балалы аналарға қалай көмектесемін деп көп ойланды. Ақыры, бір шешімін тапқандай болды.

Осы мәселе жөнінде Мәншүк басқа да аналармен кеңесіп, жергілікті әкімдік, кәсіпкерлер, аудан орталығындағы дүкен және дәмхана иелерімен келісті. Кәсіпкер Владислав Козловпен бірге «Қайырымды жүрек» жобасын жүзеге асырды. Алғашында қаланың сауда нүктелеріне кез-келген адам азық-түлік тағамдарын салатын қайырымдылықтың арнайы жәшігін қойды. Қосымша киім мен аяқ киім қабылдайтын пункт ашты. Сөйтіп, іс алға басты. Адамдар балалардың киімін, азық-түлік тағамдарын, ойыншықтар, отбасы үшін қажетті заттарды әкеле бастады. Бұл жұмысқа Гүлмира Ғабдуллина, Дина Тоқтыбаева, Жанар Әлпенова, Люция Шайхуддинова, Александра Ящук сияқты көп балалы аналар тартылды. Сондай-ақ, ерікті «Қайырымды жүрек» қайырымдылық қоры жергілікті интернаттан 9 сыныпта оқитын Иван мен бес жастағы Маркты өз қамқорлығына алды. Біреуі толық емес, екіншісі көп балалы отбасынан. Сөйтіп, кәсіпкер Владислав Козлов пен Мәншүк Сейфуллина құрған қор жұмыс істеп, бүгінгі таңда көмекке зәру балалар мен көп балалы отбастарының алғысына бөленуде.
Төлеген ҚОСШЫҒҰЛОВ.
Суреттерде: балалар киімін қабылдау пунктінде.
Суреттерді түсірген автор.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар