Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Инвестиция салып, екіжақты әріптестікті нығайтуға мүделлі - АРҚА АЖАРЫ

Инвестиция салып, екіжақты әріптестікті нығайтуға мүделлі

Облыс әкімі Ермек Маржықпаев облысымызға жұмыс сапарымен келген Қазақстан Республикасындағы Израильдің Төтенше және өкілетті елшісі Лиат Вексельман бастаған израилдік делегацияны қабылдап, екіжақты әріптестік, сауда-экономикалық байланыстарды одан әрі дамыту және инвестиция тарту мүмкіндіктерін қарастырды.

Ақмола облысы мен Израиль арасында әріптестік байланыс еліміз тәуелсіздік алған жылдардан бастау алады. Сол уақыттан бері осы елмен сауда-экономикалық байланыс тұрақты дамып келеді. Оның көбі импорт үлесінде. Бүгінгі күні облыс аумағында еврей халқының салт-дәстүрі, мәдениеті және тілін дамытып отырған «Хатиква» еврей мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігі жұмыс істейді. Оған қоса, Ақкөл қаласында «SHALOM AQKOL» еврей мәдени — ақпараттық орталығы» жастар қоғамдық бірлестігі де бар.
Жылы шырайлы өткен кездесу барысында екі ел арасындағы туризм, агроөнеркәсіптік сектор мен сауда-экономикалық мүмкіндіктер кеңінен сөз болды. Кездесуде облыс әкімі Ермек Маржықпаев Ақмола өңірінде туризм, өнеркәсіп, аграрлы сала жоғары қарқынмен дамып келе жатқанын айта келе, Израиль сияқты мемлекетпен арадағы сауда-экономикалық қарым-қатынасты одан әрі дамытуға, инвестиция тартуға дайын екендігін мәлімдеді.
¬– Облыс экономикасының қай саласын алсақ та мүмкіндігі зор. Облыс ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп және туризм салалары бойынша республикада алдыңғы орында. Еліміздегі астық пен алтынның үштен бірі біздің облысымыздың үлесінде. Сондықтан, біз сіздермен өңірімізге инвестиция тартып, әріптестікті дамытуға ашықпыз, – деді Ермек Маржықпаев.
Өз кезегінде Израиль елшісі Лиат Вексельман ханым Ақмола жеріне келгеніне қуанышты екенін, әр сапарында мұндағы халықтың тұрмыс жағдайы жақсарып, елді-мекендердің дамып келе жатқандығын байқағанын атап өтті.
Елші өңірімізге осымен үшінші рет келіп отыр. Осыған дейін отбасымен Бурабай курортында болып, әсем табиғат аясында демалыпты. Оның сөзінше, Израиль елінде Ақмола облысының көрікті жерлері туралы көпшілік біле бермейді екен. Сондықтан, алдағы уақытта туризмнен бөлек, өңірдің ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп салаларындағы мүмкіндіктерін паш ететін бірлескен жобаларды қолға алуды мақсат тұтып отыр.

Аслан ОСПАНОВ,
«Арқа ажары»

Суретті түсірген Төлеген ҚОСШЫҒҰЛОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар