Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ұлттық мұраның тәрбиелік мәні зор - АРҚА АЖАРЫ

Ұлттық мұраның тәрбиелік мәні зор

Шортанды аудандық тілдерді оқыту орталығының ұйымдастыруымен «Атаның сөзі – ақылдың көзі» атты аудан және ауыл мектептерінің қазақ тілі мен әдебиеті

пәндерінің мұғалімдері арасында аудандық сайыс өтті. Аталмыш іс-шараның басты мақсаты – қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрпының тәрбиелік мәнін дәріптеп, халықтың қалдырған өнегесін, ұмытылған құндылықтарды жаңғырту болып табылады.

Сайыс бес кезеңнен тұрды. Әсіресе, «Ата -салтым қазынам» атты бөлім өте қызықты өтті. Ұмытылған ұлттық салт-дәстүрлер, ырымдар, тағамдардың атауы туралы сұрақтар болды. «Бәс тігу» кезеңінде қатысушылар батырлар жырындағы кездесетін көнерген сөздердің мағынасын ашып, өз білімдерін ортаға салды. Бес кезеңнен тұрған сайыс қатысушылары арасында тартысты өтіп, әділ қазылар алқасы мен көрермендерге өте қызықты болды. Сайыстың нәтижесінде І орынды Бозайғыр орта мектебінің мұғалімі Рысбике Сауытова, ІІ орынды Шортанды №3 қазақ орта мектебінің мұғалімі Айша Берікхан, Степной орта мектебінен Шападат Берік ІІІ орынды иеленді.
Заман өзгерсе де ұлттық салт-дәстүріміздің көнермейтіндігін еске салып, осы сияқты шаралар ұйымдастыру, өткізу арқылы тілдерді оқыту орталығы ұлттық мұраны қайта жаңғырту жолында жұмыстарын жүргізіп келеді. Мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізден озып жүруі, яғни, одан бұрын жаңғырып отыруы тиіс. Еліміз жаңа тарихи кезеңге аяқ басты, біз қайта түлеудің айрықша маңызды процесінде жаңғыруды қолға алып, дамыған елдердің қатарына ену жолында келеміз. Ұлтымыздың ерекшелігі –
ұлттық құндылықтарымызда, бай салт-дәстүрімізде. Халқымыздың ғасырлар бойы жасап кеткен тарихы – бүгінгі ұрпақ үшін баға жетпес үлкен қазына, мұра. Бұл мұраларымыз имандылық, ғибраттық, әдет- ғұрпымен, салт-дәстүрімен қымбат.
Айгүл БОЛАТ,
Сұлушаш ПАНЕЙ,
Шортанды аудандық тілдерді оқыту орталығының оқытушылары.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар