Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қызмет сапасы да, жеделдігі мен қолжетімділігі де артты - АРҚА АЖАРЫ

Қызмет сапасы да, жеделдігі мен қолжетімділігі де артты

30 қыркүйекте әділет органдары қызметкерлері өздерінің кәсіби мерекелерін атап өтеді. Бұл күн тектен тек алына салынбағандығы белгілі. Оның тарихы тереңге, өткен ғасырға кетеді. 1919 жылдың 30 қыркүйегінде әскери-революциялық комитет қазақ даласын басқару мақсатында әділет бөлімін құрады. Кейінірек ол Әділет істері жөніндегі комиссариат болып қайта құрылады. 1946-1949 жылдары Қазақ КСР-нің атқарушы билігін қайта құру жұмыстары жүргізіліп, осыған орай республикалық әділет министрлігі құрылды.

2012 жылдың 28 тамызында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен 1998 жылдың 20 қаңтарында қабылданған «Қазақстан Республикасындағы кәсіби және басқа да мерекелер туралы» заңына өзгерістер енгізілді. Осы өзгерістерге орай, 30 қыркүйек әділет органдары қызметкерлерінің кәсіби мерекесі болып жарияланды.
Құқықтық демократиялық зайырлы мемлекет құру жолына түскен тәуелсіз елімізді дамытуға әділет органдары қызметкерлері де өз үлестерін қосуда. Біз өз жұмысымызда 2002 жылдың 18 наурызында қабылданған Қазақстан Республикасының «Әділет органдары туралы» заңын басшылыққа аламыз. Қазіргі күні әділет органдары атқарушы билік органдарына жатады және өз құзыреті шеңберінде мемлекеттің құқықтық қызметін, мемлекеттік органдардың заңдық негіздегі жұмысын қамтамасыз ету, құқық қорғау саласында қызмет көрсететін азаматтар мен мекемелердің, ұйымдардың жұмыстарын ұйымдастырумен айналысады.
Қазақстан Республикасының ұлттық заңнамаларын құру, зияткерлік меншік құқын қорғау, сот сараптамалық қызметін қамтамасыз ету, сот шешімдерін орындау, барлық деңгейдегі мемлекеттік нормативтік-құқықтық актілерді, жылжымайтын мүлікке меншікті тіркеу қызметтерін атқаратын әділет органдарының жұмысы сан салалы.
Ақмола облыстық әділет департаменті өзіне жүктелген сан салалы жұмыстарды өз құрамындағы құрылымдармен бірлесе отырып, атқарып келеді. Атап айтқанда, аудандық, қалалық әділет басқармалары, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің құрылымдары болып табылатын Ақмола облысының «Жылжымайтын мүлік орталығы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны, Ақмола облысы бойынша сот медициналық сараптау институты, сот медициналық орталығы, облыстық адвокаттар алқасы, Ақмола облыстық нотариалдық палатасы, облыстық бағалау палатасы және жеке сот орындаушылары алқасы – бәрі де әділет органдарының құрамында қызмет етеді.
Сан салалы және көптеген құрылымдары бар әділет органдары өз қызметін заман талабына сай қайта құруға жете көңіл бөледі. Жыл өткен сайын электрондық қызмет көрсету ауқымы кеңейе түсуде. Бұның өзі қызметтің жеделдігі мен ашықтығын, қолжетімділігін қамтамасыз етіп, адам факторы арқылы жол берілетін жемқорлықтың алдын алуға үлкен ықпалын тигізеді. Электронды қызметтің арқасында қазіргі күні шалғай аудандардың тұрғындары бірқатар қызмет түрлерін интернет арқылы үйлерінде отырып-ақ ала алады.
Әділет органдарында көп жылдардан бері табан аудармай еңбек етіп жүрген әріптестеріміз көп. Осы салада ұзақ жылдар еңбек етіп, зейнет демалысына шыққан ардагерлерімізді есімізден шығармай, олармен байланысымызды үзбейміз. Бүгінгі айтулы күнді пайдалана отырып, барлық әріптестерімді және ардагерлерімізді кәсіби мерекелерімен шын жүректен құттықтап, дендеріне саулық, отбастарына береке-бақыт, ұзақ ғұмыр және ортақ Отанымыздың гүлдене беруі үшін еңбек ете берулеріне тілектестігімді білдіремін!

Бақытжан ӨМІРЗАҚОВ,
Ақмола облыстық әділет департаменті басшысының міндетін атқарушы

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар