Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Әділет органында 20 жыл еңбек еткен - АРҚА АЖАРЫ

Әділет органында 20 жыл еңбек еткен

Біржан сал аудандық әділет басқармасының басшысы Марал Мәкішқызы Шаужанова 20 жылдан бері осы ауданда әділет саласында табан аудармай қызмет етіп келеді. Сонау 1999 жылы аудандық АХАЖ бөлімінің басшысы болып қызметке келген ол кейінірек аудандық әділет бөлімінің меңгерушісі, содан кейін аудандық әділет басқармасының басшысы болып жемісті қызмет етіп келеді.

– Мен Бестөбе кентінің тумасымын. Кенттегі №1 орта мектепті бітірген соң 1980-1983 жылдары Целиноград темір жол тасымалы техникумында оқыдым, – дейді Марал Мәкішқызы.
Техникумды бітірген жылы өмірлік серігін тауып, отау құрған ол Степногорск қаласына қарайтын Заозерный кентінде өз мамандығы бойынша теміржол саласында еңбек етеді. 1987 жылы оның еңбек жолы басқа бағытқа ауысады. Уәлиханов ауданында аудандық соттың сот хатшысы болып қызметке кіріседі. Арнайы білімі жоқ болса да, жаңа қызметін қиындықсыз атқарған Марал Шаужанова Л.Гумилев атындағы Еуразия мемлекеттік университетінің заң факультетіне сырттай оқуға түсіп, еңбек ете жүріп, жоғары білім алады. 1997 жылы Уәлиханов ауданы жабылған соң Көкшетау қалалық сотына қызметке ауысады. Ал, 1999 жылы Еңбекшілдер ауданының АХАЖ бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалып, осы ауданда әділет саласындағы қызметі басталады. Кейінірек аудандық әділет бөлімін басқарса, қазіргі күні қайта құрылып, басқарма болған әділет басқармасының басшысы болып қызмет атқарып жүр.
– Мен бала кезімнен еңбекке араластым. Анам 34 жасында қайтыс болып, үйдің барлық шаруасы мойныма жүктелді. Үй ішінің шаруасымен қоса, үйді ақтау, сырлау, бау-бақшаны баптау сияқты жұмыстарды да атқаруға тура келді. Ал, кейінірек өмір жолымда сол еңбексүйгіштік қасиеттің көп көмегі тиді. Өзіме жүктелген міндетті барынша адал және мүлтіксіз орындауға әрдайым күш саламын. Осы ауданға келген алғашқы күннен бастап қоян-қолтық араласып қызмет еткен бас маман Татьяна Анатольевна Анисимова мен Наталья Григорьевна Винникова көп көмектесті. Ауылдық округ әкімдіктерінде еңбек ететін мамандарға айтар алғысым зор. Қыстың суығы мен жаздың ыстығында, қандай ауа райы жағдайы болмасын, үй-үйді аралап, өздеріне жүктелген жұмысты жедел және уақытында атқаратын олардың әділет органы қызметіне қосып жүрген үлестері мол, – дейді ол.
Әділет органдарында ұзақ жылдар атқарған қызметі еленіп, еңбегі бірқатар мемлекеттік марапаттармен аталып өтті. Атап айтқанда, «Әділет органдары жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін», «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне – 25 жыл», «Біржан сал ауданына – 90 жыл» мерейтойлық медальдарымен, басқа да көптеген мақтау қағаздарымен, дипломдармен, Алғыс хаттармен марапатталды.
Қалкөз ЖҮСІП.
Біржан сал ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар