«Сәкеннің сыр сандығы»

Биыл мемлекет және қоғам қайраткері, дауылпаз ақын Сәкен Сейфуллиннің туғанына 125 жыл. Сәкен Сейфуллин қазақ әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі болып саналады және жиырмасыншы ғасырда елі үшін елеулі еңбек сіңірген. Сонымен қатар, қазақ әдебиетінің барлық жанрында небір көркем образдар арқылы терең идеялар айта білді. Оның өмірі күреске толы болды. Шығармаларында әдебиетіміздің идеялық қалыптасуына мол септігін тигізген тұлға.

Биыл Сәкен Сейфуллиннің 125 жылдығы республика көлемінде кеңінен аталып, түрлі іс-шаралар ұйымдастырылуда. «Көкше» телеарнасы жанындағы қалалық үлгілі кітапханасында да жуырда Тіл апталығы аясында «Сәкеннің сыр сандығы» атты әдеби оқу өткізілді. Сәкен сынды сұңқар ақынның баға жетпес мұрасын жас ұрпаққа ұлықтап, таныту мақсатында өткен бұл шарада Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің 1 курс студенттері бізде қонақта болып, Сәкен Сейфуллиннің бірнеше өлеңдерін жатқа айтып берді, әрі ақынның өмірі тар жол, тайғақ кешумен өткендігі жайлы бейнефильм көрсетіліп, сөреден кітап көрмесі де орын алды.
Қазақтың ақиық ақыны, жалын жүректі жазушысы, дарынды драматургі Сәкен Сейфуллин қиындыққа толы өмірінде артына өшпес асыл мұра қалдырып кетті. Бүгінде осы асыл мұраларды ұрпаққа жеткізу міндетіміз деп білеміз. Сол үшін де осындай мәнді шара қолға алынып отыр.
Самал МАХСОТОВА,
«Көкше» телеарнасы жанындағы үлгілі кітапхана меңгерушісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар