Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Мысыр пирамидаларының біз білмейтін құпиялары - АРҚА АЖАРЫ

Мысыр пирамидаларының біз білмейтін құпиялары

Мыңдаған жылдар бұрын салынған Египет пирамидалары туралы ғылыми пікірлер әртүрлі. Пирамида пірғаундарды жерлейтін қабір ретінде салынған дегенмен, уақыт өткен сайын оның басқа да түрлі сырлары ашылуда. Осыған орай, пирамида тек Египет пірғаундарын жерлеген қабірстан ғана емес, басқа да қызметтер атқарған деген түсінікке келуге болады. Енді осы ғылыми түрде анықталған пирамиданың бірқатар ерекшеліктері жайлы айта кетейін.

Пирамида – қарапайым геометриялық дене, оның дұрыс саналатын түрі: табаны – шаршы, құраушы бүйір жақтары – төрт тең бұрышты үшбұрыштар. Осындай пирамиданың төменгі табанындағы бір жағының ұзындығын нүктелермен санағанда 110 бірлікке тең болуы тиіс. Сонда ғана, төбесі бір нүктеге тірелетін, жеті қабатты дұрыс пирамида салынады. Бірлік өлшемі үшін метрді немесе қадамды алуға болады.
Енді осындай пирамиданың сыртқы үшбұрышының қабырғаларына әрбір оныншы нүктесі арқылы параллельдер жүргізсе, онда ішкі ұқсас үшбұрыштар суреттегідей көрінетін болады. Осы үшбұрыштардың бұрыштарының жалпы саны 360- қа (24+48+72+96+120) тең, яғни, бұл, сфераның 360 градусын көрсетеді. Ал, табандары қиылысқан жеріндегі нүктелердің қосынды саны 366-ға (110+91+71+51+31+11+1) тең болып, кібісе жылдың 366 тәулігін білдіретін болады. Бұлардан да басқа, астрономиялық элементтерге ұқсастығы бар пирамиданың бұрын-соңды берілмеген құпиялы белгілерін көруге болады.
Қорыта келгенде, біз бұдан әлемнің табиғи құбылыстары мен заңдылықтарын пирамиданың тылсым белгілері арқылы түсіндіруге ұмтылуды бағамдаймыз. Мысыр пирамидаларының біз білмейтін құпиялары әлі де аз емес сияқты. Бәлкім, ол болашақта ашылып, сол құпиялар адамзат игілігіне қызмет ететін кез де келер деген ойдамын.
Әбжан ЕСҚАЛИҰЛЫ.
Көкшетау қаласы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар