Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Құрылыс ережелері сақталып, әр адамның өтініші мұқият қаралсын - АРҚА АЖАРЫ

Құрылыс ережелері сақталып, әр адамның өтініші мұқият қаралсын

Ермек Маржықпаевтың төрағалығымен өткізілген кезекті аппарат кеңесінде мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының ағымдағы жылдың тоғыз айындағы жұмыс қорытындысы, жеке және заңды тұлағалардың өтініштерін қарау, тіркеу, есеп жүргізу сапасы талқыланып, алдағы міндеттер белгіленді.

Кеңестің күн тәртібіне сай заңсыз салынатын құрылысты болдырмау мақсатында жүзеге асырылып жатқан шаралар туралы облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы Бахытбек Оспанбеков айтып берді. Басқарма басшысының айтуынша, заң бұзушылықтар негізінен мемлекеттік және құрылыс нормаларының талаптарын сақтамау, атқарушы құжаттарының дұрыс жүргізілмеуі, құрылыс-монтаждау жұмыстарының жобалық-сметалық құжаттамаларынсыз, мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау органына ескертусіз, техникалық және авторлық қадағалаусыз жүргізілуіне тиесілі болып отыр.
– Осындай заңсыздықтарды алдын алу мақсатында мемлекеттік құрылыс инспекциясы тарапынан биылғы жылдың тоғыз айында 51 жоспардан тыс, 99 алдын ала бақылау және қадағалау тексерістер жүргізілген. Нәтижесінде, рұқсат құжатынсыз құрылыс жүргізген 83, заң бұзушылықтармен жобалық жұмыстарды жүргізу бойынша – 5, заңсыз қайта жоспарлау бойынша 42 әкімшілік іс қозғалды. Сонымен қатар, 16 жазбаша ескерту жолданып, 95 әкімшілік іс сотта қаралып, жалпы сомасы 35,6 миллион теңге айыппұл салынды, – деп атап өтті басқарма басшысы.
Сонымен қатар, басқарма тарапынан құрылыс нысандарының пайдалануға берілуін растауға қатысты 599 акті қаралып, оның тең жартысы жарамсыз болып шыққан.
Ал, жеке және заңды тұлағалардың өтініштерін қарау, тіркеу, есеп жүргізу сапасы бойынша Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статис-
тика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитеті Ақмола облысы бойынша басқармасы басшысының орынбасары Берікбол Сапарғалиев айтып берді. Оның мәлімдеуінше, 2019 жылдың тамыз айында «Жеке және заңды тұлағалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңның сақталуына тексеріс жүргізілген. Соның нәтижесінде бірқатар заң бұзушылықтар анықталды. Мәселен, тіркелген есеп бо-йынша жыл басынан бері 2963 адам жеке қабылдауда болған. Алайда, тексеріс кезінде анықталғандай, 368 адам есепке алынбапты. Оның басым бөлігі Көкшетау қаласы, Целиноград және Бурабай аудандарының жергілікті атқарушы органдарына тиесілі болып отыр.
Сонымен қатар, жеке және заңды тұлғалар тарапынан түскен 1186 өтініштің 20-ның қарау мерзімі өтіп кеткен. Оның көпшілігі Шортанды, Есіл аудандары мен облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы және облыстық еңбек испекциясы басқармасының үлесінде.
Жиынды қорытындылаған облыс әкімі Ермек Маржықпаев аудан және қала әкімдері мен мемлекеттік органдардың басшыларына құрылыс ержелерінің сақтауда және тұрғындардың өтініштерін қарауда заңсыздықтарға жол бермеуді тапсырды. Әсіресе, мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын жақсарту қажеттігі айтылды.

Аслан ОСПАНОВ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.
Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар