Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Бала жанының бағбаны - АРҚА АЖАРЫ

Бала жанының бағбаны

Өскелең жас ұрпақ – еліміздің, мемлекетіміздің болашағы. Олардың тәрбиелі азамат болып өсуіне мына біз үлкендер, ата-аналар, мұғалімдер, тәрбиешілер жауаптымыз. Балаларды сүйетін адамдар ғана педагог болуы тиіс. Балабақша – бұл балаға деген сенім серті, олардың болашағына деген зор жауапкершілік.

Роза Махатова – балабақшада тәрбиеші болып қызмет атқарған кезінен бастап, өз тобындағы балалармен қарым-қатынас, шығармашылық, үздіксіз іздену, бала мен тәрбиеші бірлігінің патшалығын құра білді. Бала жанының бағбаны – нағыз педагог екенін дәлелдеді. Қазіргі таңда Роза Кеңесқызы – Ерейментау ауданы білім бөлімінің «Болашақ» бөбекжай-бақшасының меңгерушісі болып қызмет атқарады. Педагогикалық еңбек өтілі – 41 жыл. Мектепке дейінгі тәрбие жүйесінде 38 жыл, оның ішінде тәрбиеші лауазымында – 28 жыл, әдіскер болып 3 жыл қызмет атқарды, содан кейін, 2011 жылы жаңадан ашылған «Жұлдызай» бөбекжай-бақшасының меңгерушісі лауазымына тағайындалды. Ал, 2015 жылдың соңында «Болашақ» бөбекжай-бақшасының меңгерушісі болып ауыстырылды. Роза Кеңесқызының жетекшілігімен аталмыш мекемеде заманауи талаптарға сәйкес білім сапасын арттыруға бағытталған инновацияларды енгізу үшін барлық жағдай жасалған.
Мектепке дейінгі білім беру сапасын жетілдіру саласындағы басшының кәсіби құзыреттілігі, педагогикалық қызметтің мақсаттарын, қағидаттарын және мазмұнын білу ұйымның инновациялық режимде жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Басшының басқару қызметі білім беру жүйесінің жағдайына мониторингпен, оның моделін жобалаумен, даму стратегиясы мен тактикасын, жаңа басқару құндылықтарын атап айтсақ, сабақтастық, құзыреттілік, өздігінен білім алуды интеграциялаумен байланыс-
ты. Басшы балалардың психологиялық және физикалық денсаулығын сақтау және қалпына келтіру мәселелеріне ерекше мән береді. «Болашақ» бөбекжайында сенімді жайлы атмосфера құрылған, оны педагог-психологтар және ата-аналардың педагогтар мен жалпы ұйым жұмысы туралы пікірлері растайды.
Роза Кеңесқызы әрбір қызметкердің ең жоғары нәтижелерге қол жеткізуі бойынша қызметіне жеке – бағдарлы көзқарасты есепке алады. Ол өз қызметкерлерін алдында тұрған мәселелерді шешуге бағыттайды, олардың маңыздылығы бойынша саралайды, өз күш-жігерін олардың жеке дара қабілеттерін ашуға бағыттайды, өзінің айналасында пікірлестер тобын қалыптастырады, педагогтың шығармашылыққа деген уәждемесін қамтамасыз ететін қызметі үшін жағдай жасай біледі. Міне, осындай білікті ұйымдастырушылық қабілеті үшін ұжымға зор беделі бар.
Роза Махатова ұйымның имиджін арттыру бойынша жүйелі жұмыс жүргізеді. Басшы өзінің кәсіби деңгейін үнемі жоғарылатады, озық тәжірибелерді зерделейді және қолданады, аудандық әдістемелік бірлестіктер мен семинарлардың жұмысына белсене қатысады. Ол сауатты педагог, жауапты басшы. Өзінің бар күш- жігерін бөбекжай-бақшаның көркеюіне арнайды. Осы жолда жүріп бүгінгі таңда өз еңбегінің жемісінің бағалануын жеткен жетістіктерінен көруге болады. Педагогикалық еңбек жолында елеулі еңбек еткені үшін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің Құрмет грамотасымен, Ақмола облысы әкімінің, білім беру басқармасының, Ерейментау ауданы әкімінің, білім бөлімінің грамоталарымен марапатталды. 2016, 2017 жылдары облыстық «Үздік мектепке дейінгі ұйым» байқауында 3 жүлделі орынға ие болды. 2017-2018 оқу жылында оқу-тәрбие үрдісінің қорытындысы бойынша мектепке дейінгі ұйым білім бөлімінің грамотасымен марапатталды. «Болашақ» бөбекжай-бақшасы аудандық семинарлар, конкурстар және басқа да іс-шараларды жоғары деңгейде өткізеді.
2018 жылдың қараша айында балабақша базасында облыстық семинар өткізілді. «New Opportunities» – «Үздік мектепке дейінгі ұйым – 2018» оқу орталығы ұйымдастырған республикалық сырттай интернет-байқауға қатыса отырып, «Болашақ» бөбекжай-бақшасы «Үздік мектепке дейінгі ұйым» байқауының «Балабақшаның ішкі көрінісі» аталымы бойынша 1-ші орынға ие болды, ал «Үздік балабақша аймағы» аталымында жүлделі 2-ші орыннан көрінді. Үш жыл қатарынан аудан көлемінде «Үздік балабақша» аталымының туын желбіреткен балабақша меңгерушісі Роза Кеңесқызының еңбегі ерен. Басқа да республикалық, халықаралық деңгейде өткізіліп жатқан байқаулардан да жүлделі жеңістері баршылық.
– Балабақшаға кіргеннен-ақ, өзімді мазалаған сан түрлі ойлардан арылып, кішкентай бүлдіршіндеріміздің тәтті қылықтары мен әдемі жүздерінен шаттанамын. «Баласыз үй мазар, балалы үй базар» деп ата- бабаларымыз бекер айтпаса керек. Алдымызға келген балалар – біреудің маңдай алды жарығы, енді бірі – жан дегенде жалғызы, бірі – ерке, бірі – қой аузынан шөп алмас момыны. Маңдай алды жарығын таңшолпандай жарқыратып, жан дегенде жалғызды көпшілдікке үйретіп, қой аузынан шөп алмасты ортада жарқылдап сөйлер шешен қылып тәрбиелеу үшін қажымас қайрат пен батырлық қажет. Ең алдымен өзіме осы екі асыл қасиетті серік етемін. «Білімді болуға – оқу керек. Бай болуға кәсіп керек. Күшті болуға бірлік керек. Осы керектің жолында жұмыс істеу керек» деген А.Байтұрсынов саралаған әдемі жолдардың ізімен жүріп өтсек бірлігіміз бен кәсібіміз одан әрі жандана түсетініне сенеміз», – дейді ұлағатты ұстаздың өзі.
Айман ОРАЗБАЕВА,
Ерейментау аудандық білім бөлімінің «Болашақ» бөбекжай-бақшасының әдіскері.
Ерейментау ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар