Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Тәрбиеші болу – бір бақыт - АРҚА АЖАРЫ

Тәрбиеші болу – бір бақыт

Ұстаз – таудан сарқырап аққан тау өзені секілді, айналасына қуат беріп, жолында кездескендерді суымен нәрлендіріп, таудай қиындықтарды тастай домалатып, білімнің сар даласында тыныштық тауып, дамылдайды. Ұстаз – Жер деген әлемнің бетін көркейткен, шәкірттеріне шуақ төккен Күн-Ана. Ұстаз – ақылдың тозбайтұғын асылы.

Қасиетті мамандық иелерінің ішіндегі жауһары. Өзге мамандық атаулылары өздерінің түр-сипатын мың құбылтып жатса да, еш өзгеріссіз сол баяғы қалпында жас ұрпаққа адамгершілік қасиеттерді сіңірген адам ол ұстаз. Менің мамандығым – тәрбиеші. Қиындығы мен қызығы мол осы мамандықты бала күнімнен армандадым. Адам баласына көмектесу – игілікті істердің бастамасы екенін сезгендеймін. Ендігі алға қойған мақсатым – білікті тәрбиешілердің қатарынан көріну, білімді балалар тәрбиелеу. «Бала жүрегі – кішкентай күй сандық. Сол сандықтың кілтін тапсаң ғана ашылады. Тәрбиешінің қолында әр кезде сол кілт тұру керек» – деп М. Шаханов ағамыз айтқандай, әр баланың жүрегіне жол табу, бала бойындағы дарынды ашу тәрбиешінің міндеті деп ойлаймын. Қазір жас маманмын – болашақта ұлағатты тәрбиеші болу басты арманым. Тәрбиеші – балабақша жүрегі болса, оның беделі балабақшаның беделі. Ал, балабақша – мемлекеттің басты тірегі деп айтсақта болады. Олай болса, қазіргі таңда тәрбиеші білікті әрі шебер, ұшқыр ойлы, қабілетті, өз ісін жетік меңгерген болуы керек. Тәрбиешілер қатарын толықтырып отыратын мен сияқты жас мамандар да талмай үнемі ізденіс үстінде болып, әр баланы мектепке ақылды, тәртіпті, білімді бала қылып балабақшадан жақсы түлектер ұшырса шығар асуымыз алыс емес. Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры тәрбиешілер мен мектеп ұстаздарының қолында. Сондықтан әрбір ұстаз бұл жауапкершілікті сезінсе, біздің мемлекетіміздің қорғаны нығая түспек. К.Ушинский: «Ұстаз – өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана ұстаз, ал оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның ұстаздығы жойылады» деген ойымен келіспеу мүмкін емес. Күнделікті таңертең балабақша ауласына жақындағанда, балалардың сыңғырлай күлген дауыстары мені қуанышқа бөлейді. Балабақшаға кіргеннен-ақ, өзімді мазалаған сан түрлі ойлардан арылып, кішкентай бүлдіршіндеріміздің тәтті қылықтары мен әдемі жүздерінен шаттанамын. «Баласыз үй мазар, балалы үй базар» деп ата-бабаларымыз бекер айтпаса керек. Алдымызға келген балалар – біреудің маңдай алды жарығы, енді бірі – жан дегенде жалғызы, бірі – ерке, бірі – қой аузынан шөп алмас момыны. Маңдай алды жарығын таңшолпандай жарқыратып, жан дегенде жалғызды көпшілдікке үйретіп, қой аузынан шөп алмасты ортада жарқылдап сөйлер шешен қылып тәрбиелеу үшін қажымас қайрат пен батырлық қажет. Ең алдымен өзіме осы екі асыл қасиетті серік етемін. «Білімді болуға – оқу керек. Бай болуға – кәсіп керек. Күшті болуға бірлік керек. Осы керектің жолында жұмыс істеу керек» деген А.Байтұрсынов саралаған әдемі жолдардың ізімен жүріп өтсек бірлігіміз бен кәсібіміз одан әрі жандана түсетініне сенемін. Балабақша – балалардың екінші үйі болса, ал тәрбиешілер екінші анасы екенін әрдайым санамда ұстаймын. Әр үйдің еркелерін бір арнаға тоғыстырып, олармен жұмыс жасау оңайға соқпайды. Алайда, баланың тілін тауып, тілдесу, жақсы тәрбие берудің өзі мен үшін үлкен ғанибет. Ақ парақ бетіне сызу сызғандай баланың кіршіксіз санасына адамгершілік, мейірімділік нұрын сеуіп, білім, өнер нәрімен сусындату тәрбиеші деген ұлы тұлғаның парызы. Мен неге тәрбиеші мамандығын таңдадым? Жауабы өте оңай. Себебі мен балаларды жақсы көремін. Әркім өмірлік жолын өзі таңдайды. Басты сұрақ: «Менің өз таңдауым дұрыспа?» Мен нық жауап бере аламын: Балалардың күлкісіне шаттанамын – дей келе отырып, «тәрбиеші болу – бір бақыт» деймін.
Әсем ШЕШЕНҒАРА,
Көкшетау қаласындағы №7 «Айша» балабақшасының тәрбиешісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар