Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
2020 жыл – Еріктілер жылы - АРҚА АЖАРЫ

2020 жыл – Еріктілер жылы

Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанайда өткен «Еріктілік – жастардың әлеуметтік лифтісі» атты Қазақстан мен Ресей арасындағы жастар ынтымақтастығының форумында келесі жылды Қазақстанда еріктілер жылы деп жариялау туралы ұсынысты қолдаған болатын.

Жалпы Қазақстанда 287 еріктілер ұйымы бар. Олардың басым бөлігі этно-волонтерлікпен, жануарларға қамқорлық жасаумен және әлеуметтік салада көмек көрсетумен айналысады. Сонымен қатар, еріктіліктің төтенше жағдай, медицина, мәдениет, бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы тың бағыттары дами бастаған. Мысал ретінде еліміздегі ірі еріктілер ұйымдарын атап өтсек. Олар: Ұлттық еріктілер желісі, «Қызыл Жарты Ай» қоғамы, Қазақстандағы БҰҰ-ның еріктілер бағдарламасы, «28 ілмектер клубы», «Мейірімділер клубы» және «Көшбасшы» ұйымдары. Бұған қоса, осы жылы үкіметтік емес ұйымдарда мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша 68 жоба іске асырылыпты. Жалпы, еліміздің барлық өңірлерінде еріктілерді қолдау бойынша 17 орталық құрылған. Ал, біздің облысымызда «Ақмола Жаңа толқын» қоғамдық қоры жұмыс істейді. Республика аймақтарында волонтерлік қызметті дамыту үшін әрқайсысы 1 миллион теңге көлемінде 17 грант бөлінген. «Еріктілер жылы» осы жылдың 11-12 желтоқсан аралығында өтетін республикалық Еріктілер форумында бастау алады.
Осыған байланысты өңіріміздегі «Жаңа толқын» жастар қоғамдық бірлестігінің төрайымы және Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің төртінші курс студенті Жайнагүл Қаппасовадан топтың жұмысы туралы сұрап көрген едік. Оның айтуынша «Жаңа толқын» бірлестігі облыс бойынша еріктілер бағытында өткізілетін барлық ауқымды іс-шараларға атсалысады екен.
–Бүгінде Көкшетау қаласында жүзеге асырылып жатқан «Жеңіс» жобасын атап өтер едім. Жоба аясында «Самұрық Қазына Трасс» және Ұлттық еріктілер желісінің қолдауымен біздің облысымызда отыз бес елді мекенде Ұлы Отан соғысы және тыл ардагерлеріне көмек көрсетіледі. Сонымен қатар, біздің жақсы бағытымыздың бірі қайырымдылық шаралары болып табылады. Мысалға, онкологиялық ауруға шалдыққан балаларға көмек көрсету жағы қарастырылған. Қайырымдылық жәрмеңкелерін өткізіп тұрамыз, оған тек еріктілер ғана емес, кәсіпкерлер де атсалысады. Сол қайырымдылық жәрмеңкелерінен 2 миллион теңге қаражат жиналған. Қазіргі кезде тобымызда 40 ерікті бар. Басым бөлігі студенттер мен жастар, – деген Жайнагүл қоғамдық бірлестіктің басты мақсаты жастарды қайырымдылыққа тәрбиелеу, бойларындағы адамгершілік қасиетті арттыру екендігін атап өтті.
Сонымен бірге, «Жаңа толқын» қоғамдық бірлестігі Ақмола облысы жастар саясаты басқармасының «Жас Ақмола» жүлдесінің «Жыл жаңалығы» аталымын ұтып алыпты.
Жайнагүл «ерікті болу менің қоғамдық белсенділігімді көтерді, «Шоқан» жұлдызы атандым» дейді. Ерікті болу үшін ешқандай бір басы артық талап қойылмайды және жас шектеулігі жоқ. Еріктілікпен айналысуға ең бастысы ниет керек. Қайырымдылық жасап, мұқтаж жандарға көмек қолын созу үшін қаражат емес, белсенділік қажет екенін осыдан көреміз.
Айтолқын АМАНГЕЛДІ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар