Ауданда кәсіпкер Ирина Жукова қоғамдық монша ашуды жоспарлап отыр. Өйткені, Дамса және Научный селоларында мұндай нысан жоқ.
Ирина аудан аумағында дүкендер жүйесін ашып, кәсібін өрге дөңгелеткен. Одан басқа, мейманхана кешенін салып, тұрғындарды тұрақты жұмыс орнымен қамтамасыз етіп отыр.
Өз кезегінде кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалы кәсіпкерге қолдау көрсетуге дайын. Жобаның жоспарын құрудан бастап, қаржыландыруға дейін қол ұшын бермек. Айта кетерлігі, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының ұйытқы болуымен отандық агроөнеркәсіп кешендері мен азық-түлік өндірісін қолдауға арналған «ALMEX-Baiterek Fund» қоры құрылған.
Облыстық кәсіпкерлер палатасының
баспасөз қызметі.
Шортанды ауданы.