Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Мен әлемді жүрегіммен көремін - АРҚА АЖАРЫ

Мен әлемді жүрегіммен көремін

Тәуелсіздік мерекесіне орай, Көкшетаудағы қазақ зағиптар қоғамының оқу-өндірістік клубының кәсіпорнында «Мен әлемді жүрегіммен көремін» атты шығармашылық фестиваль өтті.

Зағип жандар арасында өткен бұл фестивальдің ұйымдастырушылары – «Қазақ зағиптар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің Ақмола облысы бойынша филиалы, Зағип және көзі нашар көретін жандарға арналған кітапхана мен «Көкшетау» корпоративтік қоры.
Шараға облысымыздың бірқатар аудандарынан зағип жандар қатысып, олардың әрқайсысы сахна төрінде шырқаған патриоттық әндерімен туған жерге, туған елге деген жүрек түкпірінде жатқан шексіз махаббаттарын танытты. Ақкөл ауданынан келген Қайыржамал Кравченко, зеренділік жас қатысушы Амангүл Бәйкенова, степногорлық Нағима Құспанова және тағы басқалары көрерменнің зор ықыласына бөленді. «Қазақ зағиптар қоғамы» қоғамдық бірлестігі Ақмола облысы бойынша филиалының төрайымы Мәрия Тәңірбергенова фестиваль қатысушыларын Тәуелсіздік мерекесімен құттықтап, жүрекжарды лебізін білдірді. Кітапхананың мерекеге орайластырып ашқан «Жырым сенсің, Тәуелсіздік!» атты кітап көрмесі де келушілерді бай мазмұнымен баурап алды.
Осы орайда айта кететін бір жайт, 80 жылдан астам тарихы бар қазақ зағиптар қоғамы облысымыздағы ертеден келе жатқан қоғамдық ұйымдардың бірі саналады. Бұрындары ұйымның өзінің дүркіреген кәсіпорны болатын. Онда тұрмысқа, өнеркәсіпке қажетті көптеген заттар шығарылатын. Ол кәсіпорында жүзден астам адам жұмыс істеді. Өкінішке орай, тоқырау кезеңінде жұмыстары тоқтап қалды. Қазір жұмыс істеп тұрған кәсіпорынның шығаратын өнімі бірен-саран. Әлбетте, мұның бір себебі сұранысқа да байланысты.
Соған қарамастан, зағиптар қоғамы уақыт көшінен қалмай, тіршілік етуге талпынып келеді. Біздің ұйымның облыс бойынша сегіз ауданда филиалы бар. Қазақстан бойынша 22 мыңнан астам зағиптар бар болса, біздің облыста олардың саны 1400 адамнан асады. Солардың 200-ге жуығы Көкшетау қаласында тұрады. Ғалымдардың па-
йымдауынша, адамның он екі мүшесінің 75-80 пайызын көз жанары құрайды екен. Осыдан-ақ зағип жандарға көз жанарынсыз өмір сүру қаншалықты қиын екенін түсінуге болады. Зағиптардың арасында отбасын құрып, бала тәрбиелеп, немере сүйіп отырғандар көп. Олар кітапханаға келіп, Браиль әдісімен кітап оқып, жан-дүниелерін рухани байытып тұрады.
Міне, мереке қарсаңында өткен «Мен әлемді жүрегіммен көремін» фестивалі адам баласы нендей ауыртпашылықтарға кезіксе де, өмірдің салған сынақтарына қасқайып қарсы тұруға болатынын көрсетіп берді.
Жақсыбай АЙТҚОЖИН,
Қазақ зағиптар қоғамының мүшесі.
Асылтас ҚҰСАЙЫНОВА,
Көкшетаудағы зағип және көзі нашар көретін жандарға арналған кітапхана қызметкері.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар