Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қала тұрғындары сапалы ауыз суға қол жеткізеді - АРҚА АЖАРЫ

Қала тұрғындары сапалы ауыз суға қол жеткізеді

Келер жылы Степногорск қаласындағы «Сопка – 305» су қоймасындағы су тазалау нысандарын жаңғырту жұмыстарын аяқтау жоспарланып отыр.

Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының мәліметінше, қазіргі кезде нысанның дайындығы 90 пайыз. Су қоймасындағы кіре беріс бақылау, жылу бекетінің ғимараттары, су сору және сүзгі стансаларында монтаждау жұмыстары аяқталды. Бұдан бөлек, технологиялық жабдықтарды орнату, электрмен жабдықтау желісін орналастыру және су резер-вуарына техникалық қызмет көрсету жұмыстары да аяқталуға жақын. «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша қолға алынған жобаның құны шамамен 5,6 миллиард теңгені құрайды.
– Аталмыш жоба инновациялығымен ерекшеленеді. Қазіргі заманғы технологияны енгізу арқылы қала тұрғындары пайдаланатын ауыз судың сапасы жақсара түседі, – дейді басқарманың құрылыс, су жіберу және сумен жабдықтау нысандарын пайдалану бөлімінің басшысы Нұржан Бостан.
Жобаны жүзеге асыру жұмыстары облыс әкімдігі мен облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының жіті бақылауында.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.
Степногорск қаласы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар