Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің оң жұмысы көріне бастады - АРҚА АЖАРЫ

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің оң жұмысы көріне бастады

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің екінші отырысында сөйлеген сөзінде ең басты міндеттердің бірі қазақстандықтарды айлығы жоғары жұмыс орындарына орналастыру арқылы халықтың әл-ауқатын арттыру екендігі айтылды. Билік халықтың тұрмыс деңгейін жақсартқан жағдайда ғана ел-жұрттың сеніміне ие бола алады.

Ақмола облысының үкіметтік емес ұйымдары Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында айтылған саяси-әлеуметтік ұсыныстарды жүзеге асыруға белсенді қатысушы болып табылады. Қоғамдық ұйымдар мемлекеттік органдармен бірлесіп, қоғамдық кеңестер құрып, осы арқылы үкіметтік емес ұйымдар өңірдің стратегиялық бағыт-бағдарына қатысты өз ұсыныстарын жеткізуге мүмкіндік алады.
Жалпы, бұл жолғы отырыс-та Мемлекет басшысы тарапынан көтерілген ұсыныстардың барлығы қазақстандықтардың өмір сапасын жақсартуға арналған. Соның ішінде, маңызды шешімдердің бірі, ол қазақстандық ірі кәсіпорындарда жұмыс істейтін шетелдік және отандық жұмысшылардың экономикалық құқықтарын теңестіру. Сондай-ақ, шет елден келетін жұмыс күшін 40 пайызға дейін қысқартып, қазақстандық жұмысшылардың санын арттыру. Бұл қазақстандық қарапайым жұмысшының жағдайын жақсартып, жұртты еңбекпен қамту бағытындағы маңызды қадам болмақ.
Енді, осыны жүзеге асыру үшін үкіметтік емес ұйымдар мен атқарушы билік өзара бірлесе жұмыс істеуі қажет. Өйткені, олардың алдында тұрған міндеттер бір-бірімен тығыз байланыс-ты. Сонда ғана ірі кәсіпорындарда қазақстандық жұмысшылардың санын арттырып, халықтың әл-ауқатын көтеретін боламыз. Ал, бұл үшін кеңесте көтерілген мәселелер нақты іске асырылуы керек.
Ирина ТЕРЕНТЬЕВА,
«Азаматтық Альянс» заңды тұлғалар бірлестігінің төрайымы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар