Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ел жастары үшін зор мүмкіндік - АРҚА АЖАРЫ

Ел жастары үшін зор мүмкіндік

Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің мәжіліс залында «Nur Otan» партиясының «Қазақстан-2021: Бірлік.

Тұрақтылық. Жасампаздық» сайлауалды бағдарламасы аясында «Жұмыспен қамту және халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау», «Жастарды қолдау» бағыттары бойынша аймақтық партиялық кураторлардың бірлескен отырысы өтті.

Аталмыш шараға «Nur Otan» партиясы Ақмола облыстық филиалы төрағасының орынбасары Азамат Біржанов, облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының басшысы Дина Ахметжанова, ішкі саясат басқармасы жастар ісі жөніндегі бөлімінің басшысы Алмат Нұркенов, Көкшетау қалалық жұмыспен қамту орталығының басшысы Уақыт Бейсембаев, «Nur Otan» партиясы жанындағы «Жас Отан» ЖҚ Ақмола облысы филиалының төрағасы Сұлтанбек Бекешев, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің проректоры Аманбай Сейітқасымов, қалалық және облыстық мемлекеттік органдар мен білім беру мекемелерінің қызметкерлері, жастар қоғамдық бірлестігінің жетекшілері, сондай-ақ, университет жанындағы «Жас Отан» жастар қанатының мүшелері қатысты.
Шара барысында әр мекемеден келген қатысушылар өз салалары бойынша жастарды қолдау, оларды жұмыспен қамту, сондай-ақ, бүгінде Үкімет тарапынан жастарды қолдауға арналған мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуы және оларды жастардың тиімді пайдаланулары туралы сөз қозғалып, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
«Nur Otan» партиясы филиалы төрағасының орынбасары Азамат Біржанов алқалы жиынға басшылық етіп, бүгінде ел жастарына мемлекет тарапынан қажетті жағдайлардың жасалып жатқандығын және өткен «Жастар жылындағы» атқарылған ауқымды іс-шаралардың жалғасын табуы қажеттігіне қатысты өз ойымен бөлісті.
Облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының басшысы Дина Ахметжанова экономикалық белсенді жастардың қоғамдық қатынастарға қатысу көрсеткіші өсіп отырғандығын, мұндағы жұмыссыздық деңгейі 3,1 пайызға дейін төмендегенін атап өтті. «Бұл «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасының ықпалы арта түскенін де білдіреді. Өңірдегі 11 жұмыс іздестіру клубына 679 жас жүгінсе, олардың 602-сі тұрақты жұмыспен қамтамасыз етілді. Жалпы, жыл сайын біздің мекемелерімізге 23 мыңнан астам кісі өтініш түсіреді, мұның 33 пайызы жастар болып отыр. Ал, ауыл жастары 56,9 пайызды құрайды»,–деген ол нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асырылу барысына көңіл толатындығын білдірді.
Бағдарламаның 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағыты бойынша былтыр 25 мың адам жұмысқа орналастыру шараларына тартылған. Мұның 30 пайызға жуығы жастар. Кәсіби бағдарлық оқуларға жіберілген 950 жігіттер мен қыздардың 711-і тұрақты жұмысқа орналасты. Шағын несиеге ие болған 122 жастың 111-і өз ісін ашып отыр. Сондай-ақ, жастарды бизнеске тарту мақсатында 665 грант бөлінуі белсенділікті арттырғаны көрініп тұр. Жалпы, өткен жыл ішінде 16664 жаңа жұмыс орны құрылғаны мемлекеттік бағдарламаның баяндылығын дәлелдейді.
Кездесу барысында өңірлік партия кураторлары Елена Мащинская, Павел Безвербный, Ш.Уәлиханов атындағы мемлекеттік университеттің проректоры Аманбай Сейітқасымов, Ұлттық волонтерлік орталықтың үйлестірушісі, «Жаңа толқын» қоғамдық ұйымының жетекшісі Жайнагүл Қаппасова, Көкшетау қалалық жастар ресурстық орталығының жетекшісі Ксения Андросова және басқалар өңір жастарын, оның ішінде осал топтарын әлеуметтік қолдау, сондай-ақ, оқу орындарының түлектерін өз мамандықтары бойынша жұмыспен қамту, кәсіпкерлікпен айналысуға тілек білдірген жастарға қажетті көмек көрсету туралы сөз қозғап, еркін пікір алмасу ұйымдастырылды.
Арнайы жиынға қатысқан білім ордасының жас ғалымдары мен студент-жастары өздерін толғандырып жүрген сұрақтарды қойып, оларға нақты жауаптар алды.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар