Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Мемлекеттік тілге үлкен мән берілуде - АРҚА АЖАРЫ

Мемлекеттік тілге үлкен мән берілуде

«Рухани жаңғыру» – тарихымызды және ұлттық құндылықтарымызды сақтаудың кепілі. Ол әрбір азаматтың өзінен басталуы керек деп есептеймін. Өз жерінің, елінің тарихын, айтулы оқиғаларын танып-білу, зерттеу, әйгілі ақын-жазушылардың туындыларын оқу, ескерткіштерді қорғау, сақтау рухани жаңғыру ұғымына жатады.

Осыған байланысты айтатын бір ойым – бұрындары адамдар арасында туындаған белгілі бір дауларды әділ шешіп, ретке келтіре білген билер болған. Олар өздерінің ақыл-парасаттылығымен, әділдігімен, даналығымен халық ішінде үлкен беделге ие ұлы тұлғалар еді. Мысалы, Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би, Саққұлақ би, Бапан би, Әлдебек би.
Бүгінгі таңда осы билеріміздің өмірбаянын, даналық сөздерін оқып, білу баршамыз үшін қажет. Сонымен қатар, өзіміздің өткен тарихымызды, салт-дәстүрімізді, туған жердің атының шығу тегін, аңыз-әңгімелерді, мәдени мұраларымызды зерттеп, тануымыз тиіс. Міне, осының барлығы рухани жаңғыруға жатады және шынайы патриотизмнің белгісі. Мен өзім еңбек ететін ұжым арасында мемлекеттік тілді үйренуді насихаттаймын. Рухани жаңғыру аясында тіл мәселесіне үлкен мән беріліп отыр. Оған мүмкіндігімше өз үлесімді қосып келемін.
Нұртай СМАҒҰЛОВ,
Ақмола облысы бойынша соттар әкімшісінің жетекші маманы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар