Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ұлы Жеңіс 75 - АРҚА АЖАРЫ

Ұлы Жеңіс 75

Кеңес Одағының Батыры Михаил Васильевич Яглинский

1922 жылы қыркүйектің 27-інде Бурабай ауданының Клинцы ауылында қарапайым шаруа отбасында дүниеге келіп, 1978 жылы 28 желтоқсанда Макинск қаласында өмірден өтті. Жеті жылдық мектепті бітірген. Ұлты – украин.

Еңбек жолын 1937 жылы Макинск темір жол бекетінде жол тексерушісі болып бас-тайды. 1942 жылдың қаңтарында Макинск аудандық әскери комиссариатынан Кеңес әскерінің қатарына алынды. Сталинград және 1-ші Батыс Прибалтика майдандарында 110-шы жеке барлау ротасының құрамында соғыс қимылдарына қатысқан. Аға сержант Михаил Васильевич 124-атқыштар бригадасында, кейінірек 158-атқыштар дивизиясында барлау-
шы болды. Қысқа мерзімді кіші лейтенанттар курсын бітірген ол барлаушылар взводын басқарды. 1944 жылдың қазан айының соңында Латвияның Лайжува селосына барлау жүргізу кезінде ерекше батылдығымен және қырағылығымен көзге түсіп, жаудың 26 адамын тұтқынға түсірді. Майдан шебінде жүріп 6 рет жеңіл жарақат алды.
Михаил Яглинскийге соғыста көрсеткен жанқияр ерліктері үшін 1945 жылы КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Сонымен бірге, ел қорғаудағы ерен ерлігі мен батылдығы, соғыстан кейінгі жылдары халқына сіңірген елеулі еңбегі де елеусіз қалмай, Ленин, Қызыл Ту, ІІІ-дәрежелі Даңқ, ІІ-дәрежелі Ұлы Отан соғысының ордендерін, басқа мерейтойлық медальдарды кеудесіне тақты. 1946 жылы кіші лейтенант шенінде запасқа шықты.
1949 жылы ол Алматы жоғары партия мектебін бітірді. 1970 жылдан зейнетке шыққанша, запастағы офицер бейбіт өмірде де еңбек майданының алдыңғы шебінде болып, білімін жетілдіруге де көңілін бөледі. Макинск қаласында партия және шаруашылық жұмыстарында еңбек етті.
Яглинскийдің құрметіне Макинскідегі бір көшеге оның есімі берілген. Яглинский атындағы жүлде үшін жеңіл атлетикадан облыстық және аудандық жарыстар өткізіліп тұрады.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар