Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қайырымдылық - АРҚА АЖАРЫ

Қайырымдылық

«Асыл бала» қорының сыйы

Нұр-Сұлтан қаласындағы «UMC» корпоративті қорының Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығында «Асыл бала» қоғамдық қорының 10 миллион теңгеге сатып алған рентген-хирургиялық үстелін осы орталыққа салтанатты түрде табыс ету рәсімі болып өтті.

Беларусь Республикасында жасалған рентген-хирургиялық үстелді сатып алу қор ұйымдастырған қайырымдылық акцияларының нәтижесінде мүмкін болған. 2019 жылдың 29 қарашасында Көкшетау қаласында ұйымдастырылған қайырымдылық акциясы мен Нұр-Сұлтан қаласында БҰҰ-ның Қазақстандағы тұрақты үйлестірушісінің жұбайы Хитоми Шимомура ханымының бастамасымен өткізілген «JP to KZ» жобасының арқасында және щучинскілік кәсіпкер Елмұрат Балтабаевтың қомақты қаражат аударуының негізінде қажетті сома жинақталып, осы медициналық жабдыққа қол жеткізілген екен.
Салтанатты шараға Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Асыл бала» қорының қамқоршысы Зағипа Балиева, «Асыл бала» қоғамдық қорының төрайымы Гүлнәр Өтепова және аталмыш қордың құрылтайшылары, орталықтың дәрігерлері, балалар мен олардың ата-аналары, БАҚ өкілдері қатысты.
Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығының директоры Бекбай Хайрулиннің айтуынша, бұл рентген-хирургиялық үстелі күрделі оталарды мінсіз жасауға мүмкіндік береді.
–Біздің орталықта балаларға арналған ортопедиялық екі бөлім, соның ішінде омыртқаға вертебрология дейтін күрделі операция жасайтын бөлім бар. Бұл ота жасайтын үстелдің ерекшелігі сол, үстел бетінің жазықтығын түрлі ракурста қолдануға және ота кезінде рентгенге түсіруге болады. Ол өз кезегінде, ота үстінде қажетті тұстарды түзетуге жағдай туғызады. Осы жабдық болмаған кезде біз балаларды рентген бөліміне апарып жүретін едік, ал, енді рентгенді операция үстінде жасай аламыз. «Асыл бала» қоғамдық қорымен ынтымақтаса жұмыс істегенімізге он жыл болды. Бұған дейін де олар бізге осындай көмек көрсеткен еді, – дейді ол.
Сонымен қатар, аталмыш медициналық жабдықтың үлкен артықшылығы, бүйірінде көріністі бұрмалайтын металл пластиналары жоқ, рентген мөлдір түсіріліп, 360 градусқа дейін еш кедергісіз көрініс береді.
Бұдан бөлек, 2018 жылдың қаңтарында «Асыл бала» қоры «Samsung Electronics Central Eurasia» компаниясымен бірігіп, орталықтағы балалар онкологиясы бөлімінің емделушілері үшін Samsung School жобасы аясында Smart Class ашқан екен. Мұнда балалар ағылшын тілі, шахмат, робототехника және бейнелеу өнері бойынша дәріс алады. Smart Class-та бейнелеу өнерінен сегіз айлық сабаққа қатысатын онкология бөлімінің балалары арасында сурет байқауы өткізілген. Іс-шара барысында осы сурет байқауының жеңімпаздары төрт аталым бойынша марапатталды. Сөйтіп, балалар мақтау қағаздары мен бағалы сыйлықтарға ие болды.
Бұдан әрі алдыңғы жылы аталмыш орталықтағы балалар онкологиясы бөлімшесінде лимфобласты лейкоз диагнозымен емделіп, ауруды жеңіп шыққан Кәусар Сейтімхан да шығармашылықтағы белсенділігі үшін марапатқа ие болды. Оған қоса, Кәусар ортаға шығып, өзінің дертке шалдыққан балаларды қолдауға арналған психологиялық жобасын таныстырды. Бүгінде Щучинск қаласы №9 мектеп-гимназиясының 6-сыныбында оқитын Кәусар шығармашылықпен белсенді айналысып, ән айтып, домбырада ойнай алады. Өзі өлең шығарып, әртүрлі республикалық ғылыми-зерттеулер мен жобалық конкурстарға қатысып, жеңімпаз атанып жүр. Аталмыш іс-шараға арнайы шақырылып, қайсарлығы мен ертеңгі күнге деген сенімі арқылы емделуші балаларға үлгі көрсете білген Кәусарға біз де жаңа шығармашылық табыстар тілейміз.
Айтолқын АМАНГЕЛДІ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.
Нұр-Сұлтан қаласы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар