Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қыз-келіншектеріміздің еңбегі ерен - АРҚА АЖАРЫ

Қыз-келіншектеріміздің еңбегі ерен

Статистика қызметі еліміздің әлеуметтік-экономикалық жағдайының сандық көрсеткіштер жиынын зерттейді.

Ақмола облыстық Статистика департаментінің қызметі мемлекеттік органдарды, аталған қызметті пайдаланушылардың барлық топтарын, өңір мен республиканың мүдделі тұлғаларын және оның аумақтарының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы шынайы, дәйекті статистикалық ақпаратпен қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізуге, сонымен қатар облыс аумағында мемлекеттік саясатты іске асыруды бақылау және қадағалау бойынша маңызды міндеттерді атқаруға бағытталған.
Өткен жылды Ақмола облысы жақсы жетістіктермен аяқтады. 2019 жылдың қаңтар-желтоқсанындағы жедел деректер негізінде Ақмола облысының әлеуметтік-экономикалық дамуына назар салсақ, өнеркәсіп өндірісінің көлемі 769 миллиард теңгені, агроөнеркәсіп, орман және балық шаруашылығы өнімінің шығарылымы 519 миллиард теңгені, негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 330 миллиард теңгені, құрылыс жұмыстарының көлемі 135 миллиард теңгені, пайдалануға берілген тұрғын үйлердің көлемі 534 мың шаршы метрді құрады. Осының нәтижесінде бұл көрсеткіштер 2018 жылдың деңгейінен асып түсіп, ел экономикасының артуына елеулі үлес қосылды.
Биылғы 2020 жыл статистика саласының мамандары үшін жауапты да мерекелі жыл. Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылдың 20 қазанындағы Жарлығымен 8 қараша күні Статистика күні болып жария-ланып, кәсіби мерекелер тізіміне енгізілді. Ал, тарихқа жүгініп, тереңнен қозғасақ, статистика саласы мамандарының кәсіби мерекесіне 100 жыл толғалы отыр.
Статистика саласы өз қызметінде статистикалық жұмыстардың жоспарынан тыс, әр 10 жыл сайын ұлттық халық санағын жүргізеді. 2019 жылдың 19 маусымында Қазақстан Республикасы Үкіметінің «2020 жылы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын өткізу туралы» Қаулысы шығып, республика аумағында 2020 жылдың 1-30 қазан аралығында ұлттық халық санағы өткізілетін болып белгіленді. Ұлттық халық санағын өткізу іс-шараларының жоспары бекітілді. Қазіргі уақытта ұлттық халық санағын өткізу бойынша дайындық жұмыстары қызу жүргізілуде.
Егемендігіміздің 30 жылға аяқ басқан тарихында еліміздің өсіп-өнуіне, биік белестерден көрінуіне статистика органдарының қосқан үлесі, еңбегі өте зор. Кәсіби біліктілігін үнемі жетілдіру үстіндегі ұйымшыл ұжым өзіне жүктелген жауапты міндеттерді жоғары деңгейде атқарып отыр деп айта аламын. Мұнда біздің қыз-келіншектеріміздің еңбегі ерен деп білемін. Ақмола облысының мемлекеттік статистика органында қазіргі уақытта 172 адам қызмет атқарса, соның 64 пайызын әйелдер құрайды. Ер азаматтармен қатар қажырлы еңбек етіп келе жатқан ардақты апалар мен аяулы қарындастарымызды алда келе жатқан көктемнің алғашқы мерекесі – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймын! Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға ырыс пен береке, баянды бақыт тілейміз!
Ермек Мусина,
Ақмола облыстық статистика
департаментінің басшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар