Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Шығыстың ұлы ұстазы - АРҚА АЖАРЫ

Шығыстың ұлы ұстазы

Әбу Насыр Мұхаммед ибн Тархан ибн Ұзлағ Әл-Фарабидің – адамзат біліміндегі көптеген салада терең ізін қалдырған араб-мұсылман орта ғасыр ұлы ойшылдарының көрнекті өкілі. Әл-Фараби ұлы ғалым, энциклопедист, Аристотельден кейінгі екінші ұстаз.

Ол Арыс өзенінің Сырдарияға құяр сағасындағы батыс пен шығысты байланыстырған жібек жолының маңызды қаласы болған Фараб өлкесінде дүниеге келген.
Сол кездегі Фараб қаласы ірі саяси, сауда және экономикалық орталық болатын. Фарабтағы Отырар кітапханасының негізін қалаушы ретінде ғалым әрі философ Әл-Фарабиді білеміз. Бұл кітапхана – моңғол билігіне дейінгі Отырарда орналасқан әлемдегі ірі кітапханалардың бірегейі болған. Кітапхана ауқымы жағынан тек Александрия кітапханасынан ғана кіші болған.
Шығыстың ұлы ұстазы Әл-Фараби бала кезінен сол кездегі өркениет пен мәдениеттің ірі орталықтары саналған Бұқара, Самарқан, Мерв, Бағдат, Каир, Шам қалаларында болып, білімін жетілдіріп отырған. Тарихи деректер бойынша 70-ке жуық тіл біліп, 164 трактат жазған. Шығармаларында көне грек оқымыстыларының, әсіресе, Аристотельдің еңбектеріне талдау жасаған.
Әл-Фарабидің ғылыми қызметі ортағасырлық араб мұсылман мәдениетінің гүлдену уақытына сәйкес келеді. Қазіргі уақытта Әл-Фараби ойларының өзектілігі қайтадан арта түсуде. Оның көзқарасы бойынша саясат, дін және бақыттың өзара терең қатынасы көрсетілген. Бүгінде логика, метафизика, саяси және әлеуметтік философия, музыка мен медицинаға арналған жүзден аса трактаттары сақталған. Ең алғаш болып, музыканы математикалық негізге жүйелеп, оны ғылымның бір бағыты ретінде көрсеткен, тек аудармашы, түсініктеме беруші болған жоқ, өзінің философиялық трактаттарын араб тілінде дүниеге әкелді. Оның гуманистік дүниетанымы ғылым, дін, әлеуметтану, логика, этика және эстетика мәселелерін қамтитын үйлесімді жүйеге құрылған.
«Адам үйлесімді өмір сүру үшін бақыт қажет», оған адамның жалпы жақсы мінез-құлқы да жатады. Жазу өнерінде жетіле түсу шеберлікке жеткізетіні сияқты, жақсы іс-әрекеттерді үйрену, осыларды зорлау жолымен емес, қуанышқа кенелетін табиғи жолмен әдетке айналдыру жақсы мінез-құлықты қалыптастырады деп айтқан. Адамның басына қонған бақыттың тұрақты болуы жақсы мінез-құлыққа байланысты. Ол соғыссыз, қанаусыз, жалпыға бірдей бақытты болашақты армандады. Әділеттіліктің, теңдіктің, достықтың өзара көмектің, құрметтіліктің, жоғары мәдениетті қоғамның бар жерде орнауын армандады. Әл-Фарабидің этикасының ең жоғары категориясы – бақыт, өйткені басқа нәрсе үшін емес, тек өзі үшін қажет болатын игілік және ең жоғары игілік осы бақыттың бойына жинақталған. Атап айтқанда, этика және оның практикалық мағынасы осы шеңберде ұштасады, дүниенің жалпы үйлесімін, оның құрылысының сұлулығын түсінбей шын бақытқа жетуге болмайды. Бақыт дегеніміз – адамның адамгершілігіне негізделеді.
«Қайырымды қала тұрғындарының көзқарасы», «Мемлекет қайраткерлерінің қанатты сөздері» трактаттарында қайырымдылық пен бақыт мәселесіне кеңірек тоқталады. Қайырымдылық дегенде, ақыл-ой, әділдік, бақыт және теңдік идеяларын айқындаған ежелгі ойшылдар дәстүріне сүйенеді. Тек бақыт туралы нақты білімі бар, оған жету жолдарын айқын білетін, соған сәйкес әрекет жасайтын қауым ғана қайырымдылыққа икемді екенін айтты. Фарабидің пікірінше, ғылым мен философия адамы болуы үшін қойылатын ең бірінші талап – ол адамның жан тазалығы, ар тазалығы, бүкіл адамға, өз халқына деген таза махаббаты, ғылым мен білімге деген құштарлығы мен берілгендігі. Бұл шарт орындалмаған күнде, адам философияны үйрене алмайды деп көрсетеді. Бір сөзбен айтқанда, адамдардың өз көздеген мақсатына жетуі оның өзіне ғана байланыс-
ты екенін айтады. Адам рухани жағынан үнемі өзін-өзі жетілдіруі тиіс, адам тек ақиқатты, айналадағы дүниені танып білу арқылы жетіледі деп түйін жасайды.
Адам міндетті түрде адал ниетті болу керек деп есептейді, өйткені, жақсы істер істеп, мұның төлеуін күтсе, адам бұл істерін жамандыққа айналдырады деп тұжырымдаған. Адамда ғана болатын «ең ерекше» игілік – ақыл, парасат арқылы меңгеріледі. Ол ақыл-ой мен білімнің биік мәнін дәріптеді. Екінші ұстаз, ұлы жерлесіміз Әл-Фараби еңбектері күні бүгінге дейін маңызын жоғалтқан жоқ, мұраларының насихатталуы, зерттелуі және оның мемлекет басқару жөніндегі тұжырымдары, әлеуметтік-этикалық, саяси, философиялық, діни көзқарастары қазіргі жаһандану аясындағы қоғамымыз үшін өте маңызды.
Ғалым, философ Әбу Насыр Әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойын атап өтудің біз үшін маңызы ерекше. Қазақ жерінде дүниеге келген ұлы ғалым мен философтың өмір тарихы туралы еске салу және жас ұрпаққа насихаттау біздің парызымыз. Негізгі мақсат – ұлы тұлғалардың тағылымын жастардың санасына сіңіру, ұлы тұлғаның ой-толғамдарын кеңінен дәріптеу.
Әл-Фарабидің 1150 жылдығы ЮНЕСКО көлемінде биылғы 2020 жылы халықаралық деңгейде аталып өтілетіні баршамыз үшін зор мақтаныш.
Жанаргүл ҚҰРМАНҒАЛИЕВА,
Шынар ЖҰМАТАЕВА,
Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің тарих пәнінің оқытушылары.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар