Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қараөзектің қайсар ұланы - АРҚА АЖАРЫ

Қараөзектің қайсар ұланы

Өңірлері жарқыраған ордендер мен медальдарға толы соғыс ардагерлерінің ортамызды толтырып, арамызда жан-жақтарына шуақ шаша қарап, мерейленіп жүргені де үлкен шаттық екен. Өздері де арттарына, қанды майдан даласына сан мыңдаған боздақтарды қалдырып, сол қайран ерлердің еліне тастап кеткен аманатындай көзге ыстық болып көрініп, бір бастары мыңға баланушы еді.

Енді, міне, сол санаулылардың өзі бірте-бірте сирексіп, таусылуға айналғалы қашан. Әсіресе, 9 мамыр күні, Жеңіс салтанатында сонау жылдары әжептәуір шоғырымен көрер көзге оттай басылып, жаныңды шуаққа бөлейтін майдангер аталарымыз соғыс дүбірі алыстаған сайын азайып, қатары әбден селдіреді.
Осындай санаулыларымыздың бірі, қадірменді ардагер ағамыз, Қараөзек ауылының тумасы Құрманбай Дәненұлы Дәненов болатын. Ол дәл соғыс басталған жылы емес, ертерек 1939 жылы қазан айында әскерге алынып, Қиыр Шығыста соғыс басталғанша азаматтық міндетін өтепті. Сонда жүріп кіші командирлер дайындайтын полк мектебінде арнайы дайындықтан өткен. Одан кейін 1942 жылы Саратов танк училищесінде оқып, кіші лейтенант шенін иеленді. Осылайша Құрманбай ағамыз майданға төрт қаруы сай, әскери әзірліктен өткен жан-жақты жауынгер болып кірді. Бірінші Белорус майданында талай-талай сұрапыл шайқастарға қатыса жүріп, өмір мен өлім арасында әбден шыңдалған, қайсар офицерге айналды. Жаудан ел қалаларын бірінен соң бірін азат ете жүріп, Польша жерін тазарту үшін кескілескен ұрысқа қатысты. Осы шайқастағы ерліктерінің дәлеліндей Отан наградасын да кеудесіне таққан болатын. Әрі қарай ұрыс қимылдарына үзбей қатыса отырып, Одер өзені үшін болған шайқастағы асқан ерлігі үшін «Қызыл Жұлдыз» орденімен, Берлинді алудағы жанқиярлық ерлігі үшін екінші рет «Қызыл Жұлдыз» орденімен марапатталып және басқа да әртүрлі ұрыстардағы ерліктері үшін бірнеше медальді өңіріне қадап, еліне даңқты жауынгер қатарында оралған еді.
Соғыс аяқталғаннан кейін де Құрманбай ағамыз 1947 жылдың сәуір айына дейін әскери қызметін жалғастырды. Аман-есен елге оралған соң, оқ пен оттың ортасында әбден ысылған жауынгер енді бейбіт өмірде де адал қызметін жалғастырып, сол 1947 жылы әуелі Краснояр селосында, кейін Бұлақ МТС-ына ауысып,
партия қызметінде белсенділік танытты. Ал, 1966 жылы «Краснояр» кеңшарында партком секретары қызметіне тағайындалып, зейнеткерлікке шыққанша абыройлы еңбек етті. Одан кейін аудандық партия комитетінде ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі болып қызмет атқарды. Қатал майдан сынында әбден пісіп-қатқан елінің құрыш қайратты азаматы осылайша еңбек майданында да өзінің биік адамгершілік қасиеттерімен көріне біліп, туған елінің соғыстан кейін еңсесі көтеріліп, қарыштап дамуына зор үлесін қосты.
Ол еселі еңбегі елеусіз қалмай, 1971 жылы «Құрмет Белгісі» орденімен, 1966 жылы Қазақ ССР Жоғарғы Советінің Құрмет грамотасымен марапатталды. Құрманбай ағамыздың жары Қымбат ертерек өмірден озып, бір өзі жалғыз тағдыр тауқыметін тартуына тура келді. Әйтеуір, дәтке қуат, осы күні ардақты ағамыздың қызы Үкі балалы-шағалы болып, әулеттің өрісін кеңге жайып отыр. Қиын уақыттарда елге қалқан болып, сын сағатта ерлік пен төзімділіктің үлгісін көрсетіп, қажыр-қайраты мен ар-намысын жоғары ұстай білудің өнегесін таныта білген Қараөзек топырағының мақтан тұтар абыройлы азаматы Құрманбай Дәненовтың ардақты есімі туған жұртының жүрегінде өшпей сақтала берері сөзсіз.
Ғазез Тасымұлы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар