Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ұлы Жеңіс – 75 - АРҚА АЖАРЫ

Ұлы Жеңіс – 75

Отты жылдардың бір боздағы – менің офицер атам

Көкшетау облысы Арықбалық ауданы Әлжан ауылының тумасы Беген ұлы Рай атамыз бен Ібіш қызы Биман әжеміздің тұла бойы тұңғыштары Раев Жаңабатыр туралы жазып отырмын.

Ол кісі 1920 жылы дүниеге келген. Ұстаздық қызметін атқарып жүргенде 1939 жылы әскер қатарына шақырылған. Кейін сұрапыл соғыс басталғанда алғашқылардың бірі болып, майдан шебіне аттанған. Қиян-кескі ұрыс даласында жаумен арпалысып, 21 атқыштар полкының бір бөлімшесінде командир болады. Атам мен апам ұлдарынан хат күтіп жүргенде, 1942 жылы қара қағазбен қаралы хабар келді.
Анасы өмір бойы балам келеді деп күтті, түнде жатарда қалтасына сіріңке салып қояды, түнде келгенде есік ашамын деп. Күткен ата-ана о дүниеге көз жұмды, баласының қайда, қай жерде қайтқанын естімей арманда кетті. Ұлы Жеңістің 75 жылдығы қарсаңында іздеушілер тобымен хабарласып, әскери архивтен Жаңабатыр атамның хабарын алдым. Жерленген жері Новгород облысы, Парфинск ауданы, Лажины деревнясы екен. Сұрапыл Ұлы Отан соғысында әр шаңырақтан аттанған ардагерлердің көбі майдан даласынан оралмады. Ұлы Жеңіс мерекесінде Әлжан ауылында аталарымыздың есімдерін тасқа қашап жазып, рухтарына тағзым етіп, ескерткіш орнатамыз. Кейінгі ұрпақтарымыз да батыр бабалар ерліктерімен еңселері биік, мақсаттары айқын, батыл болып өссе екен. Сұрапыл соғыста қан кешкен Жаңабатыр Райұлы, басқа да аға-аталарымыздың даңқы арта берсін. Бар болғаны жиырма екі жасында қыршын кеткен жас офицердің рухы мәңгілік ұрпақтар есінде қалады.

Күләйім ЖАНТАЙҚЫЗЫ,
немересі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар