Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ұлы Жеңіс – 75 - АРҚА АЖАРЫ

Ұлы Жеңіс – 75

Берлинге дейін жеткен

Әкеміз Хамзе Хасенов Ленинград блокадасын бұзуға және Курск доғасындағы шайқастарға қатысып, Орел қаласын, Украина мен Белоруссияны, Висла-Одер мен Шығыс Пруссияны жаудан азат етуге үлесін қосты.

Ол 1919 жылы бұрынғы Көкшетау облысы Ленин (қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар) ауданындағы Үлкен Қарой жерінің Кузбасс селосында туған. Әке-шешесінен ерте айырылып, 9 жастан бастап жетімдіктің дәмін татты. Қанапия ағасы мен Жәнәпия, Әминә апаларының арқасында арапша және орысша білім алды. Ұжымдастыру жылдары елмен бірге Омбы облысы Назыбай ауданының Бәйімбет ауылына қоныс аударды. Заманның ағымына қарай, Қошан есімді досы екеуі жаңа қоғамның белсенділері атанады. 1937 жылы Сатыбалды имамның айттырып қойған қызымен қол ұстасып, шаңырақ көтереді. Дегенмен, жас отаудың бақыты ұзаққа созылмады. Жұбайы баладан қайтты.
Әкем 1938 жылы Қызыл Армия қатарына шақырылып, сержант шенінде батарея командирі болды. Дүниені дүр сілкіндірген Ұлы Отан соғысы кезінде Ленинград блокадасын бұзуға қатысты. Оның зеңбіректен атқан снаряды көптеген жау әскерінің көзін құртып, талай танкісі мен техникасын істен шығарды. Ұлы Отан соғысының тағдырын шешкен Курск доғасы шайқасына қатысып, Орел қаласын, Украина мен Беларуссияны, Висла-Одер мен Шығыс Пруссияны жаудан азат етті. Одан әрі Померанск операциясына қатысты. Ұлы Жеңісті Берлиннің іргесінде қарсы алды. Соғыста көрсеткен ерлігі үшін «Қызыл Жұлдыз», бірінші және екінші дәрежелі «Ұлы Отан соғысы» ордендерімен, «Ерлігі үшін» медалімен, кейін бейбіт өмірде «Құрмет Белгісі» ордені, КСРО Қарулы Күштерінің «Отанға қызметі үшін», «Әскери қызметі үшін» медальдарымен марапатталды.
Әкем 1948 жылға дейін Венгрияда әскери қызмет атқарды. Одан әрі елге оралып, мектепте мұғалім болды. Ол оқушыларға блокададағы ленинградтықтардың өзі көрген ауыр жағдайын, бір үзім нанның қадірі мен отансүйгіштік жөнінде жиі әңгімелеп беретін. Анамыз Гүлғиза Жағыпарқызы 1928 жылы Ленинград ауданының Кіші Қаройдағы Томан ауылында туған. Барлық саналы ғұмырын білім саласына арнады. Жеті үй ауылында кітапханашы болды. Он екі құрсақ көтеріп, Батыр ана атанды. Әкеміз 1960 жылы сауда саласына ауысып, дүкендерді азық-түлікпен қамтамасыз етті, тұрғындардан шикізат жинады. 1970 жылдары ауыл поштасының меңгерушісі болып, зейнеткерлікке шықты. 1988 жылдың күзінде бұл дүниеден өтті. Әкеміздің өмірі мен қызметі ұрпағы үшін үлгі-өнеге деп білеміз. Ұлы Жеңіс күні ұл-қыздары өз отбастарымен бейітінің басына барып, құран бағыштайды.
Ғарифолла ХАСЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар