Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ұлы Жеңіс – 75 - АРҚА АЖАРЫ

Ұлы Жеңіс – 75

Ескенежал да боздақтарын аңсайды

«Жау қайда деме, жар астында, бөрі қайда деме бөрік астында» деген мақалда айтылғанындай, әлемге қайғы-қасірет әкелген, адамзаттың жауы Гитлер бастаған Германия дүниежүзін басып алу саясатын іске асырмақ жоспарымен бейбіт жатқан елге тұтқиылдан шабуыл жасады. Жаудың мұндай арам жоспарының орындалуына совет үкіметі тосқауыл болды. Ел басына күн туғанда туған елін, Отанын қорғауға еліміздің түкпір-түкпірінен жас-кәріге қарамай, әке, апа-ағаларымыз дұшпанға қарсы қанды шайқасқа аттанды.

Ұлы Отан соғысына қатысқан қазақ азаматтарын осы күні ұрпақтары мақтанышпен еске алып, бұрыннан бар және жаңадан табылып жатқан деректерге сүйене отырып, жыр, дастандар жазу ақын-жазушылардың міндеті. Сұрапыл отты жылдары «Отан үшін!» деп қан майданға аттанған жерлес азаматтардың қаншамасы туған топырағына оралмай, біздер үшін жандарын пида етті.
Зеренді ауданы, Ескенежал ауылы (кезінде «Еңбекбірлік» колхозы) көнекөз қарияларының айтуына жүгінсек, 1928 жылы ауыл шаруашылығы артеліне бірігіп, артель тарағаннан кейін 1930 жылы колхоз болады. Былтыр 2019 жылдың жазында Қарауыл Қанай бидің ұрпақтары соғыста болған ел азаматтарына арнап, Ескенежал ауылында ескерткіш орнатып, ас берді. Елдің молдалары майданда қаза тапқан, соғыстан кейін де аянбай еңбек еткен Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне бағыштап құран оқыды.
Сонда мына бір деректер тағы бір жүрегімізді сыздатты. Сол бір ел басына күн туған сұрапыл жылдары шағын ғана біздің ауылдан 46 азамат қан майданға аттанып, олардың 19-ы ғана туған жер топырағына аман оралыпты. Ал, қалған 27-сі ұрыс даласында оққа ұшып, бүгінгі жарқын болашақ үшін жандарын пида еткен. Сол он екіде бір гүлі ашылмаған боздақтар тізімін қарап отырсаң, бір шаңырақтан қос-қостан опат болған жерлестеріміз де көп. Айталық, сол тізімде майданға кеткен ағайынды Бегәлі Ерміш, Төлебай, Ерғали және Қажығалидың екеуі ғана оралып, Төлебай мен Ерғалидың оққа ұшқандарын оқып білеміз. Иә, соғыс қасіретін айтып тауыса алмайсың. Тек ендігі тілегіміз, сол ата-әжелеріміз көрген ауыр күндер келмеске кетіп, бұдан былай жердің бетін қайғы бұлты торламасын.

Сара Қожахметова,
Ақмола облыстық әдебиет және өнер музейінің бас қор сақтаушысы, Ескенежал ауылының келіні.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар