Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Дәрігер мамандығының бәсі арта түседі - АРҚА АЖАРЫ

Дәрігер мамандығының бәсі арта түседі

Жанат МУСИН,Бұланды аудандық ауруханасының бас дәрігері.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында дәрігерлердің жалақысы экономикадағы орташа жалақыдан 2,5 есе артық болуы керек деп атап өтті. Бұл дәрігерлердің жағдайын ғана жақсартып қоймайды, осы мамандыққа да сұранысты арттыра түседі.
Шындығына келгенде, коронавирус пандемиясы бүкіл әлемдегі денсаулық сақтау жүйесі үшін ауыр әрі қиын сынақ болды. Бұл ахуал біздің елімізде кәсіби дәрігерлердің тапшы екендігін де аңғартқаны жасырын емес. Әсіресе, эпидемиолог, вирусолог мамандардың жетіспейтінін айғақтап берді. Осыған орай, медицина саласына мемлекеттік гранттар көптеп берілетін тәрізді.
Президент кеңесте сөйлеген сөзінде дәрігерлерге қатысты осы мәселені еңбекақының аздығы, мамандықтың беделді болмауы, дәрігерлер құқығының қорғалмауы себебінен екендігін дөп басып айтты. Түрлі сала мамандары ішінде ең төменгі жалақыны дәрігерлер алады екен. Осы орайда, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Үкіметке биылдан бастап дәрігерлердің еңбекқысын кезең-кезеңмен арттыруды тапсырды. Енді біздің айлығымыз экономикадағы орташа жалақыдан 2,5 есе артық болады деп сенеміз.
Біздің аудандық аурухана төтенше жағдай жарияланған кезеңнен бастап, барлық санитарлық талаптарға сай карантин режимінде еңбек етті. Жақында облыс әкімі Ермек Маржықпаев арнайы жұмыс сапарымен келгенде біздің аудандағы жағдайға жоғары баға беріп кетті. Себебі, біздің ауданда қуанышымызға орай, нақты жұқпалы індет оқиғасы тіркелген жоқ. Соған қарамастан, маска тағу режимінде барлық санитарлық талаптар шеңберінде жұмыс істеп жатырмыз.
Коронавирус жұқтырды деген қаупі бар адамдарды қабылдау үшін аудандық ауруханада 4 оқшаулау орны мен 6 провизорлы кереует әзірленді. Төтенше жағдай кезінде індет жұқтырып алуы мүмкін деген 18 оқиға тіркелді, абырой болғанда ешқайсысының да талдамалық зерттеулерінен індет анықталмады.
Облыстың бас санитарлық дәрігерінің қаулыларына сәйкес аудан халқы толықтай назарда болды. Қазіргі уақытқа дейін коронавируспен күрес жұмыстарына жұмылдырылған 2 мыңға жуық адам ПТР тест арқылы тексерілді. Аудан аумағында 3 блок-бекет орнатылып, аурухананың 17 орта медициналық қызметкері белсенді жұмыс істеді. Олар өзге аймақтардан келген азаматтарға сауалнама жүргізіп, тиісті тексеру жұмыстарын атқарды. Медицина қызметкерлері тәулік бойы кезекшілікте болды.
Мемлекет басшысының Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінде сөйлеген сөзі мен бағалы бастамаларын толықтай қолдаймыз. Егер бұл шын мәнінде іске асырылса, медицина саласының дамуына зор ықпал етері сөзсіз.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар