Бурабай – ең танымал шипажайлардың алғашқы үштігінің қатарында!
ТурСтат туристік порталы жаз айларында шипажай-курорттық және емдеу-сауықтыру демалысы үшін ТМД-ның ең үздік елдері мен шипажайларының рейтингін жариялаған-ды. Бұл рейтинг бойынша ТМД елдеріндегі сауықтыру демалысы мен емделу үшін ең танымал мемлекеттердің тізімін Беларусь, Қазақстан және Әзербайжан шипажайлары бастап тұр.
Емдеу-сауықтыру демалысы үшін үздік бестікке Беларусьтағы Нарочь, Қазақстандағы Бурабай, Әзербайжандағы Нафталан, Армениядағы Джермук және Қырғызстандағы Ыстықкөл шипажайлары кіреді.